Баклажанның (баялы) пайдасы

Oinet.kz 13-04-2020 4478

Шығыс елдерінде өсірілетін біржылдық баклажан (баялы) көкөнісінің адам денсаулығына тигізер пайдасы мол. Жүрек жұмысы мен қан айналымын дұрыстайтын баклажанның басқа да пайдалы қасиеттері жайлы айтамыз. Ендеше, соңына дейін оқыңыз!

baklazhan-polza-i-vred-baklazhana.jpg

Осыдан 1500 жыл бұрын Индия, Орталық Шығыс пен Оңтүстік Азияда өсірілген. Әуелгіде баклажан жабайы түрде болып, адамдар оған арнайы көңіл бөлген соң оны жиі қолданатын болған. Алғашында оны көптеген аурулардың емі ретінде қолданды. 

Баклажанның пайдасы:

Баклажанның пайдасы құрамында. Оның құрамындағы пайдалы дәрумендерді білген соң оның не үшін денсаулыққа керек екенін сол мезетте-ақ түсінеміз. Баклажанның құрамында:

  • жасұнық

  • еритін қант

  • пектин 

  • ақуыздар

  • калий

  • кальций

  • фосфор

  • темір

  • магний

  • натрий

  • С, В1, В2, В5, РР дәрумендері

Құрамында РР дәрумені болғандықтан баклажан никотиннен арыла алмай жүрген адамдарға жақсы көмектеседі. РР дәруменінің (никотин қышқылы) арқасында ағза никотинның аштық сезімін жеңілдетеді. 

Әрі баклажанды асқазан және ішек ауруларымен ауыратын адамдарға тұтыну ұсынылады.  Баклажанды күнделікті тұтыну атеросклероз ауруының алдын алып және оның емі болып саналады. Әрі бұл көкөніс холестериннің ағзадан шығуын жақсартады және қандағы концетрацияны алып тастайды. 

Анемия аурумен ауыратын адамдарға баклажанның тигізер пайдасы көп: гемоглабин деңгейін реттейді. Сонымен қатар, баклажан қант диабеті аурумен ауыратын адамдардың қанының құрамындағы қанттың ыдырауына көмектеседі.

Баклажан шырынынан дайындалған антисептик зиянды бактериялар мен инфекциялардан сақтайды. Халықтық ем ретінде оны жара мен ойықтың сыртына қолданады. 

Баклажан туралы қызықты деректер:

  • баклажан жидек және ошағанның жақые туысы

  • кейбір жемісі 30 келіге дейін жетеді

  • Сицилия аралында жыл сайын «Баклажан олимпиадасы» болып өтеді. Осында әлемнің мықты аспаздары келіп, баклажаннан дайындалатын ерекше тағамдар жасап жарысады.

Үйде өсіруге болмайтын гүлдер
Қант диабетімен ауыратындарға кеңес
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу