Брекет: пайдасы мен зияны

Oinet.kz 16-04-2020 5837

Әр адам өзінше сұлу. Мейлі, оның тісі қисық болса да ерекше әдемі жаратылыс. Кейбір жандар тісінің қисықтығынан ұялып, оны түзетуге әрекет жасайды. Күлген кезде тісінің теп-тегіс болып жарқырап тұрғанын қалап, қисық тістерді орнына келтіру мақсатында арнайы брекет салдырады. Әрине, барлық нәрсенің жақсы және жаман тұсы болары анық. Енде, сіздерге әдемі тістердің кепілі болған брекеттің пайдалы және зиянды тұстары жайлы айтып береміз.

Screenshot_2.jpg

Брекеттің пайдасы 

Брекеттің адамға тигізер басты пайдасы, әрине тістері қаншалықты қисық болса да еркін жарқырап күлетін дәрежеге жеткізеді. Тек қисықтығын жөндеп қана қоймай, сонымен қатар басқа да маңызды мақсаттарға жеткізеді:

  • тіс ауруының қаупін төмендетеді

  • қызыл иектің ауру мүмкіндігін азайтады

  • сөздердің анық шығуын қамтамасыз етеді

  • бет әсемдігін әрлейді

  • тыныс алуды жақсылайды

Тістердің әсем көрінісіне қол жеткізу үшін арнайы біршама уақыт қажет болатынын естен шығармаған дұрыс.

Егер тісіңізге брекетті  тәжірибелі маманға салдырсаңыз оның тигізер зияны аз болады. Негізінен брекеттің әсерінің зиянды болуы дизайнның дұрыс таңдалмаған түріне, дәрігердің қателігінен немесе адамның дұрыс күтім жасамағанының әсерінен болады. 

Тістің сәтті өзгертілуі оған жасаған күтім мен ауыз қуысының тазалығына тікелей байланысты екенін ұмытпаңыз.

Брекеттің зиянды тұсы

Тіске брекет салған соң болатын зиянды тұсы сирек кездеседі. Бірақ төмендегідей зиянды тұстары болуы мүмкін:

  • ауыз қуысының ыңғайсыздығы

  • қызыл иектің ауырсынуы

  • тіс жарақаты 

  • тіс тамырларының резорбациясы

Бірақ тіс емдетушісі дәрігердің нұсқаулығын уақытылы орындаса және ауырған жағдайда арнайы мамандарға қаралса мұндай зиянды тұстар болмайды. 

Жалпы, брекеттің «сиқырының» арқасында өзімізге деген сеніміз артып, көпшілік ортада қысылмай өз ойымызды еркін жеткіземіз. Айтқан сөздеріміз нақты әрі ешқандай кедергіге соғыспай дұрыс шығады. Жарқылдап әсем күлеміз. Әркез күлімсіреп жүріңіздер!

Брекет және оның күтімі
Саңырауқұлақ: пайдасы мен зияны
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу