Үй жағдайында киімдегі йод дағын қалай кетіреміз?

Oinet.kz 08-06-2020 1163

Адам көркі шүберек екені анық. Киген киімі мен сөйлеген сөзіне қатты мән беретін заманда адамның сыртқы келбеті таза болу аса маңызды. Осы тұста киім тазалығы басты назарда. Сүйікті немесе жаңа алған киімімізге байқаусызда йод тамып, киюге жарамсыз болып қалады. Осындай кезде бұл мәселені қалай шешеміз? Уайымдамаңыз, мұның шешімі бар!

CHem-mozhno-ochistit-jod-s-od.jpg

Ас содасы

Ас содасы мен сірке суын жақсылап араластырып алыңыз. Дайын болған қоспаны киімдегі дақтың үстіне жағып, 10-15 минут күту қажет. Немесе, киімдегі даққа ас содасын сеуіп, үстінен сірке суын құйыңыз. Сосын жақсылап кір жуатын машинада жуа беріңіз. Әп-сәтте киіміңіз таза болып шыға келеді.

Крахмал

Киіміңіздегі йод дағын крахмал арқылы да тазалауға болады. Киімді сулап алғасын крахмалмен мұқият сүртіңіз. Сосын жуып тастау қажет.

Нашатыр спирті немесе аммияк

Бұл тәсіл йод дағынан тез арылуға көмектеседі. Дақ киіміңізді аммияк қосылған суға салып, 40-30 минуттай уақыт күтіңіз. Сосын сумен шайып тастаңыз, егерде дақ әлі тұрса онда кір жуатын машинамен жуған дұрыс. 

Картоп

Таң қалдыңыз ба? Йя, расыменде күнделікті тұтынатын картоптын дақты кетіретін қасиетке ие. Ол үшін картопты екіге бөліп, даты сүртсеңіз жетерлік. 

Аскорбин қышқылы

Сүйікті киіміңіздегі дақтан арылудың бір тәсілі – аскорбин қышқылы. Оны дақтың үстіне құйып, 10 минуттай уақыт күту қажет. Белгіленген уақыт өткен соң жуып тастау жеткілікті. 

Балмұздақ дайындау тәсілі
Шошқа майының пайдасы туралы білесіз бе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу