Тақырыпты қалай дұрыс ұсынуға болады?

Oinet.kz 01-07-2020 956

Әлемдегі ең қымбат тауар-идея.  Адам санадағы пікірін іркімей сыртқа жеткізуі өнермен тең. Ойдың мәні мен әрін жоғалтпай жеткізу үшін мына қағидаттарды есте ұстаған абзал.

Мәлімет жинау

info.jpg

Ақпарат алу шеберлігі талғамның төңірегіндегі мәселе. Мәліметтер жинақтау барысында мақсатты аудиторияңыздың кім болатынын зерттеңіз. Сонда қандай мәселелерді қозғауға басымдық беруді таразылайсыз.

Тезис дайындау

ntpbc.png

Мәтін үлгісі

Тезис –  дәлелдейтін немесе жоққа шығаратын тұжырымдама. Кез келген ақпарат қысқа жеткізілген мақсатты аудиторияға пайдалы. Ойыңыздың мәтін түріндегі нұсқасына жоспар жасап алыңыз. Жоспар формуласы: Бұл тақырыптың өзектілігі неде, мақсатты ауиторияға не үшін қажет, қандай жағдайда тиімді әрі нәтижелі қорытынды шығады. Тақырыбыңызды ұсыну барысында қолданатын визуалыңызды жеке-жеке мәтінмен ұсынсаңыз өтімді болады.

Дұрыс визуал материал жасау


презентация.png

Онлайн шаблонда дайындалған инфографика

Тақырыбын ұсынушы спикерлер презентация жасағанда сөзге басымдық береді. Сөз арқылы тексттік материал айтылғандықтан визуал материал дайындаған абзалырақ. Презентацияда онлайн шаблондар, инфографика болғаны қызықты. Өзгелерден формаңыз ерек болса, сіздің еңбек еленеді.

Сөйлеу мәдениеті

unnamed.jpg

Мақсатты аудиториямен ашық диалог құруға ұмтылыңыз. Бұл фактор нәтижелі көрсеткіш иемденуіңізге әсер етеді. Сізді тыңдаушы адам жалықпайтын болу үшін дайындалыңыз. Презентация әзірлеп отырғанда дыбыс шығарып мәтініңізді айтып отырыңыз.Көпшілікке брендті тақырып ұсыну-қиын емес. 

​Вазелиннің сіз білмейтін пайдасы
Карантинде сауданы қалай жақсартса болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу