Балам құлағымдағы сырғама дейін алып қойды

Oinet.kz 15-10-2022 3516

Адамда ақыл болмаса, мың айтқанмен өз жолын өзі табам демесе, таба алмайды екен. Өзім талай жыл теміржол саласында жұмыс істеген апаларыңмын. Құдайға шүкір, үш қыз бір тентектеу ұлым бар. 

Screenshot_1.jpg

Өзі марқұм ата-енемнің қолында өскен еді. Бетіне ешкім келмеді. Бір дегені, екі болмай есер болып кетті. Міне, сол тентегімнің жайы алаңдатады.

Белі бесіктен шықпай жатып үйленді. Қазір, жұмыстан қысқарған. Өткенде құлағыма қыздар салған сырғаларымды банкке салып қоямын деп алып кетті. Үйде тұрса жоғалтарсыз дегеніне мен сендім. Сүйтсем, бұл тентек ұлым менің бар алтындарымды футболға бəске тігіпті. Оны өзі айтпайды. Айт деп, үйіндегі келінімді жіберіпті.

Дүние маған не керек? Қыздарым естісе, інілеріне ұрысар деумен тілімді тістеп жүрмін. Бəске дүние салу - байдың ісі ғой. Бұл бала өтірікке əуес. Дүниенің парқын білмейді. Не істесе болады?

Құмар ойынға  ақша салып ойнау дегенді өз басым түсіне бермеймін. Біреулер үйіндегі барын салып, бәстесіп жатады екен. Біз заман ағымынан қалып қойдық па, сондайларды қанша түсінуге тырыссам да түсіне алар емеспін. Ұлымның да әрекеті іштей қынжылтады. Өзі жұмыссыз жүріп, құмар ойынға ақша салып ойнау не керек? Қай жерде тәрбиесінен қателік жібердім?

Ақшаның бәрін ұстайтын қайын атам ашуыма тиіп жүр
Санасы - соқыр, көңілі - нас бастық сымақтар ақшамды бермей қойды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу