Шырғанақтың қандай пайдасы бар?

Oinet.kz 27-09-2020 3591

Күз және көктем мезгілінде кейбір адамдарда әлсіздік байқалады. Иммунитеттің төмендеуінің алдын алу мақсатында шырғанақты қолдануға болады.  Шырғанақ – дәрумендер  мен микроэлементтерге бай жидектердің бірі. Сонымен қатар, бұл қайнату яки мұздатудан кейін де С дәрумені сақтайтын өсімдік.

image.png

Шырғанақ қабынуды жеңілдетеді және жара емдеуге көмектеседі. Е және А витамині тіндердің қалпына келуін жеделдетеді. Тіндердегі зат алмасуды жақсартады және қан тамырларын нығайтады. Тек бір шай қасық шырғанақ майы Е дәруменінің күнделікті қажеттілігін қамтамасы етеді. Е дәрумені осындай жоғары концентрацияда және каротиноидтармен (А дәрумені) бірге кездесетін өнімер аз кездеседі.

Жидектің қышқыл дәмі ас қорытуды, асқазан сөлін өндіруді нығайтады. Жидек қшқылтым болғндықтан мұздатып балмен яки джем, тосап күйінде шаймен тұтынғанға жақсы. Барлық күйде де шырғанақтың құрамындағы витаминдер жойылмайды. Шырғанақ шырынында темір мөлшері көп болғандықтан дәрумен тапшылығында қолданса пайдалы. 

image.png

Шырғанақта болатын Е друмені теріні ерте қартаюдан сақтайды. Әрі жүрек ауруларына да ем. Шырғанақта серотониннің жоғары концентрациясы бар, оны «қуаныш» гормоны деп те атайды. Сондықтан шырғанақтың аз мөлшері көңіл-күйді көтеріп, тіпті өмірді ұзарта алады.

Шырғанақ жүктілік кезінде де пайдалы, өйткені ол табиғи түрде иммунитетті арттырады. Инфекциямен күреседі, гемоглобин деңгейін жоғарылатады. Дәрумендердің жетіспеушілігін жояды, ағзаға фолий қышқылын береді. Терінің және шырышты қабықтың қалпына келуіне ықпал етеді. Дегенмен, оны сақтықпен және мөлшермен қолдану керек. өйткені шырғанақ жемісіндегі каротиннің көптігінен аллергия тууы мүмкін. 

Сонымен қатар, панкреатит, гепатит, жедел холецистит, уролития бар адамдарға теңіз шырғанағын сақтықпен қолдану керек. Сондай-ақ, бұл жемістерді бауыр мен өт қабының өткір аурулары бар адамдарға қолдануға болмайды.

Суреттер ашық дереккөзден алынды

Қиярдан жасалатын маска түрлері
Ұйқы қанбағанда қалай сергек жүруге болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу