Эмоциялық жараны емдеудің 5 жолы

Oinet.kz 09-11-2020 1363

Денеміздегі жаралардың өздігінен жазылуы мүмкін.  Алайда, эмоционалды жағдайлар әдетте  бірқалыпқа түсуі екі талай. Егер де эмоционалды жараларымызды уақытылы емдемесек, уақыт өте келе ол бұдан бөлек үлкен проблемаларды тудыруы мүмкін. Ендеше біз сіздің эмоционалды жараңызды емдеуге арналған 5 кеңесті ұсынамыз:  

1. Жараның санаңызбен байланысын анықтап алыңыз!

image.png

Өмірімізде орын алған әлдебір оқиғалар, эмоционалдық жаралар біздің санамызда қалып қояды және үнемі ойымызды мазалайды.  Оны емдеудің бірінші әдісі, алдымен сіздің не мазалайтынына назар аударыңыз.  Сол эмоционалды сәтті немесе жағдайды сыртынан бақылап көруге тырысыңыз. Бұл сізге дұрыс жол көрсетеді.  

2. Сізді күйзеліске түсіретін қателіктеріңізді ойламауға тырысыңыз!

image.png

Өткенге оралмаңыз! Ол артта қалды. Бүгінгі күнмен өмір сүріңіз! Сіздің айналаңызда мол энергия бар. Өзіңізде бар күш-қуатты қажетті дүниелерге жұмсаңыз. Өткен шақты еске түсіретін нәрселер, естеліктер айналаңызда көп болуы мүмкін. Алайда, ол естеліктерді далаға лақтырыңыз. Өткен іс, өтті!

3. Көңіліңізге қаяу түсірген жағдаятты жағымды ойларға ауыстырыңыз!

image.png

Көңіл-күйіңізді қандай жағдаят түсіргенін нақтылап алғаннан кейін, оған жағымды энергия жіберіңіз, яғни оң, жақсы дүниелерді ойлауға тырысыңыз. Айнаға қарап өзіңізбен сырласыңыз! Сұлу, ақылды жан екендігіңізді өзіңізге ескертіп отырыңыз!

4. Өзгелермен, жақын құрбыларыңызбен сырласыңыз!

image.png

Сізді жақсы түсінетін жақын досыңыз бар болар. Оған ішіңіздегінің бәрін айтыңыз. Соңғы уақытта бойыңызды билеген күйзеліс туралы, бәрін бәрін айтып жеңілдеуге тырысыңыз. Өз сезімдеріңіз туралы айтып үйреніңіз. Егер ол жақын құрбыңыз болса ұялып, жасырып қалудың қажеті жоқ. Өзіңіздің эмоционалды күйіңіз туралы өзгелермен бөліссеңіз, біршама жеңілдеп қалғаныңызды байқайсыз! 

5. Жақсару: емдеу процесін бастау 

image.png

Осы әрекеттерді орындағаннан кейін сіздің жараларыңыз сөзсіз өз емін табады.  Бірақ, сіз оған уақыт беруіңіз керек.  Ол үшін эмоциялық энергияңызды үнемі жағымды ұстап, көңіл-күйіңізді түсірмегеніңіз абзал.

Безеуден құтылу үшін мына тағамдарды жеу керек
Тұмауратып жүргенде жеуге болмайтын тағамдар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу