Тісіңіз сарғайса

Oinet.kz 15-01-2021 724

тіс.jpg

Тіс не себепті сарғаяды?

1. Тіске кальций мен негізгі минерал жетіспеген жағдайда;

2. Құрамында бояғышы бар заттардан (кофе, шай, боялған жемістер немесе көкөністер);

3. Қолайсыз экология әсерінен (йод, бром, қорғасын, сынап);

4. Темекі шеккеннен;

5. Тіс ауруларының әсерінен.

Тісіңіз сарғайса...

Ағарту процесін бастамас бұрын сүт тағамдарын (сүзбе, ірімшік, айран т.б.) пайдаланып, тісімізді беріктігін арттырғанымыз жөн.

Үй жағдайында тістің эмалін өзгертіп алмай, тазалау әдісі:

1. Арнайы тісті ағартуға арналған пастаны қолданған күннің өзінде, бұл процесс ұзаққа созылуы мүмкін.

2. Кәдімгі ас содасын пастамен араластырып, тісіңізді ысқылап жіберсеңіз, ағарып шыға келеді. Бірақ, күнделікті қолдануға кеңес бермейміз. Аптасына 2 рет пайдалансаңыз, соның өзі жеткілікті.

3. Аптасына бір рет қызыл иектің айналасына лимон қабығын қойып, төңірегіне жағып шығыңыз. Шырын 3 минуттан кейін сіңген кезде, жылы сумен шайыңыз.

4. Әуелі тіс пастасымен үйкегеннен кейін, сутек тотығымен жусаңыз, аппақ болуына септігі тиеді.

5. Құлпынай мен қойбүлдіргенді көбірек жеңіз. Тісіңіздің төңірегінде 5 минуттай ұстаңыз. Құрамында глюкоза мен қышқыл болғандықтан, тісіңіздің ағаруына ықпал етеді. Артынша фторы бар пастамен жуып жіберіңіз.

«Тіс бүлінді дегенше, іш бүлінді десеңші» деген бекер айтылмаса керек. Ауыз қуысының тазалығына ғана мән беріп қоймай, оның саулығына да назар аударайық!

Өміріңізге қажетті кеңестер
Раушан гүлінің ғұмырын ұзартудың сырлары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу