Гель-лакты үй жағдайында қалай кетіруге болады?

Oinet.kz 22-07-2019 3916


тырнақ.jpg

Жұлып алынғал гель-лак және күтіммен алынған гель-лактың кескіні

Маникюрді тырнақты әдемі көрсету үшін жасаймыз. Лакты дұрыс кетірмесек тапқан сұлулығымыз «әдіремге» қалатыны жасырын емес. Негізі гель-лактар 3 аптаға дейін сыр бермей сақталады.  Кейбір гель-лактар бірнеше күн өтісімен қалыбын жоғалта бастайды. Мұндай лакты кетіруге асығу керек.  Сонымен, үй жағдайында  тырнақты зақымдап алмай гель-лакты қалай кетіруге болады?

Сізге: мақта дискілері, құрамында ацетон бар лак кетіруші сұйықтық, тырнақ егегіші, крем немесе вазелин, фольга керек болады.

8UluA.jpg

Бірінші қадам: Егеуішпен тырнақтың жоғарғы қабатын кетіріңіз. Онымен маникюр үстінен өту арқылы қатты лакты кетіруді жеңілдетесіз.

Екінші қадам: Тырнақ айналасындағы теріге вазелин немесе косметикалық май жағыңыз.

Үшінші қадам: Әр мақта дискісін 4 бөлікке бөліңіз. Оның бір бөлігі бір тырнаққа қолданылады. Бастысы ол тырнақты толықтай жауып тұру керек.

 Төртінші қадам:Мақта диск бөліктерін арнайы ремуверге батырып алыңыз. Содан соң оларды тырнаққа қойып шығыңыз.

Бесінші қадам: Тырнақтағы мақта бөліктерін жұқалтырмен орап, бекітіп қойыңыз. Оны сыртынан фенмен немесе УК-шаммен қыздырыңыз. Ремувердің сыртында қанша уақыт ұстау керектігі жайлы нұсқама болады. Әдетте, оны 10 минут шамасында ұстау керек. Бірақ жұқалтырды аларда лак толықтай қатпарланғанын тексеру керек.

Атыншы қадам: Қатпарланған гель-лакты алып тастаңыз. Қолыңызды жуып, оған крем жағыңыз.

Негіз лактың шеті бүлінген соң тартып , жұлып алуға да болады. Бірақ, тырнақтың эмальін зақымдап алсаңыз көріксіз тырнақпен бірнеше апта жүруіңізге тура келеді. Сондықтан маникюрді жасатқан маманға немесе үй жағдайында арнаулы тәсілмен кетіргеніңіз абзал.

 

Суреттер ашық дереккөзден алынды.

Челлендж туралы қызықты мәліметтер
Мишель де Монтень: Бала тәрбиесі туралы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу