Мишель де Монтень: Бала тәрбиесі туралы

Oinet.kz 23-07-2019 1213

   Screenshot_4.jpg

  Монтень бала тәрбиесіне арналған тараудың кіріспесінде  өзінің қарабайыр дайындығын, білімінің таяздығын, мағлұм-мәшһүр ілімдермен там-тұм ғана танысып, тереніңе бойламағанын, мәселен, медицина, заң, математика сынды ғылым салаларының бар екенін естігенін , бірақ, жан-жақты зерттеуге мүмкіндігі  болмағанын, ғылымның атасы – Аристотельді қадағалап оқи алмағанын бүкпесіз мойындайды. Орта мектептегі оқушы одан анағұрлым білімдімін деп айта алады екен. Себебі, Монтень мектеп бағдарламасыендағы пәндердің өзін жете білмейді екен, әрқайсысы турасында үстірт қана түсінігі, жадағай ғана пайымы бар екен. 

  Дегенмен, Монтеньнің өзіне қаратыла айтылған тұқыртпа сөздері мен критикалық пікірлерін қаз-қалпында қабылдауға болмайды. Оның арғы-бергі тарихты жақсы білгендігі, ғұлама ойшылдардың атақты кітаптарымен жыға танысқандығы ешқандай күмән тудырмайды. Тұрғыластарынан биік шыққан ғылыми зердесі мен азаматтық кейпі де атойлап тұр. Өзінің комплексін жасырмай айту, оның бірден-бір ерекшелігі болды.

  Бала тәрбиесі туралы жазуына өзі айрықша құрмет тұтатын, қадрлі бір келіншектің өтініші себепші болған екен. Кезінде осы келіншектің отбасы құруына дәнекер болған Монтень оның ендігі жердегі тілегін қабыл алады. 

  Бірақ, ежелгі әдетінен жазбайды, «тұқыртпа» сарындағы сөздерімен жалғастыра береді. Қара жерді қопара аударып, егінді алқапқа айналдыру, маусымы жеткенде тұқым сеуіп, су жіберу – анау  айтқандай қиын шаруа емес, кетпен ұстаған диқан атаулы бұл ақиқатты терістей алмайды, мойындауға тиіс.  Ең ауыр жұмыс- жердің астындағы дән қауызын жарып, күннің сәулесін іздеп, жер бетіне шыққанда басталады. Дәл солай, баланы дүниеге әкелу – ғаламат ақыл, шалқар білім керек ететін, машақатты іс емес, нағыз қиындықтар – ол шыр етіп, дүние есігін ашқанда басталады. Әке – шешеңнің  тынышы бұзылып, түн ұйқысын төрт бөлінетіні өз алдына, оның бүкіл болмысын анықтайтын мәселелер көбейе түседі.

    Монтеньнің кеңестері:

 1. Бала белі бесікте, қолы асықта дейтін жаста жеткен уақытынан неге бейім екенін саралап, сәйкес салаға бағыттау – қате. Қаршадай кезінде құмарлығы оянуы мүмкін, бірақ уақыт өте өзгереді.

  2. Алдамшы қиял, елесті арманның соңында кетіп, бармақ шайнап қалмас үшін баланы ерте бастан сөзсіз пайдаға шығатын, кәдеге жарайтын татымды тірлікке баулу керек.

  3. Балаңыздың төрт құбыласы түгел, толық адам болып қалыптасуы – тәрбиешіге байлынысты.

  4. Тәлім-тәрбие мен ғылым-білімнің түпкі мұраты – жүйкесі берік, бағдары белгілі, ішкі сарайы бай адам дайындау. 

  5.  Балаңыздың әрлі-берлі жүрісі мен аяқ алысына мән беріп өзіңізге сәйкестендіріңіз.

  6. Білімді баланың бойына сіңіруді мақсат етіңіз, онда айтылған әңгімені жадына тұтып, түсініп – түсінбегенін тексерсін.

  7.  Бала ата-ананың қасында тәрбиелену керек.

   8. Бала өзінің бай отбасыдан шыққанын біліп, сезіп тұрса, ұстаздық жасап жатқан адамның сөзін жүре тыңдайтын болады. Мұндайда тәрбие де, білім де адыра қалады.

  Монтеньнің бала тәрбиесі төңірігіндегі талғамдарының негізгі тұрғысы осындай. Өміршең принциптеріңіз жоғарыдағы кеңестерге тураланса,  өз үлесін қосарына кәміл сенеміз. 

Гель-лакты үй жағдайында қалай кетіруге болады?
Таптырмас маманға айналғыңыз келсе...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу