Таптырмас маманға айналғыңыз келсе...

   Screenshot_3.jpg

   2012 жылы  « So Good they can`t ignore you»  кітабы жарыққа шығып, дүйім жұрттың ықыласына бөленді. Өнімді еңбек етудің үстеме жолдарын айқын анықтай білген, бестселлер Нюпорттың ұсынған қағидалары: 

    І қағида: Ынтызарлық – жолбасшы бола алмайды немесе Don` t follow your passion

  «Әркім өз қалауымен жүріп-тұруы керек» - деген қағида ер жетіп, еңсе тіктеген шақта да қыр соңыннан қалмайды. Қалауындағы тірлікпен айнылысу – байлыққа бастап, абырой әкеледі, бақытқа бөлейді. 

    ІІ қағида: Айналадағы адамдар сізбен санасатын, таптырмас маманға айналыңыз яки Be so good they can ` t ignore you

    Жұмыс атты категорияға  екі тұрғыдан қарауға болады. Құндылықты жарататын машықты маманның көзқарасымен. Бірінші топ «берудің» қамында болса, екінші топ «алудың» қамында жүреді. Дегенмен, ұандай да іске көшпес бұрын «бұл маған не береді,  мен бұдан не аламын» - деп бағамдау керек. 

    Жетістікке жетуіңіз үшін әуелі өзіңіздің кім екеніңізді анықтап алыңыз. Содан соң бойдағы басымдықты өмірлік жқмыспен ұшқастырып, қоңамның бір жыртығын жамауға кірісіңіз. 

    Есіңізде болсын, бастаған жобаңызда ұлылыққа жеткізетін машық деп пен білім сирек кездеседі, ең бастысы – барлық мамандарда табыла бермейді. Сондықтан, не береді деген сауалдан соң, жобамды қалай ұлылыққа жеткіземін дегенді санаңызға сіңіріңіз. 

    ІІІ қағида: Мансапты қызметтен бас тартыңыз, Turn dows a promotion

    Ұзын арқанда жұмыс істегісі келетіндер, әуелі, «career capital» - ға қол жеткізсін.  «Сareer capital» - ұзақ жылдар бойы қордаланған білім мен тәжірибенің жинақты көрінісі. 

    IV қағида: Тар ойланып, кең әрекет етіңіз не Think small6 act big

    Өмірлік мұраты жоқ адам ұзаққа шаппайды және қанағат таппайды. Дәл қазірден мақсатыңызды айқындап, бар күшіңізді сол жолда сарп етіңіз. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жұлдызнамалардың құпия қабілеттері
  • Күйзеліске түскен доспен қалай араласқан дұрыс?
  • Баламен қарым-қатынастағы 5 сиқырлы фраза
  • Смартфоныңызда болуға міндетті 7 қолданбалы бағдарлама
  • Макияж сыр шертеді