Қатынас орнатудағы психологиялық қулықтар

Oinet.kz 26-07-2019 2255

d209504a932855cd5c305f5e0ba38ee0.jpg

Сіз бір кездері телапатияны меңгеруді, сіз туралы елдің не айтқанын бақылауды армандадыңыз ба? Ендеше назар аударыңыз, адамдармен қатынасыңызды бақылауда ұстауда, сенімдірек болуға көмектесетін кеңсестер топтамасын ұсынамыз.

  1. Сізді сырттай бөгде адам бақылап отырғандай түйілсе, жалт бұрылып қарамаңыз. (Назарда жүріп көрмеген бұйығы адам болып түйілуіңіз ықтимал).  Иығыңыз бен көз қырыңызды іске қосып байқатпай назар аударыңыз. Көзін тайдырып әкеткенше қарап тұруға болмайды. Бір қарағаныңыздан жасытып, суық адам деген пікірді қалыптастырып алуыңыз мүмкін. Бірінші қарағаныңыздан аз уақыт өткен соң тағы да иық пен көз қиығы арқылы зер салуыңызға болады.

2. Кейбір адамдар өзіне ауған назарды байқай сала қобалжуды бастайды. Қарап тұрған адамыңызды өзіне сенімсіз екен деп қорытынды шығаруға асықпаңыз. Сізді басқа адамдардан ерекше бағалайтын адамнан да қобалжу реакциясын байқауға болады. Сондай-ақ бірдемені жасырғысы кеп тұрған адамның да «өзін жоғалтуы» әдепкі құбылыс. Қобалжып тұрған адамнан жай-күйін қазбалақтамай дара күйде қалдырғаныңы абзал.

maxresdefault.jpg

3. «Үнсіздік-келісім белгісі» деп қатынас барысында топшалау қате. Мүмкін оппонент сізді жақтыртпай отырған болуы да ғажап емес.  Сіздің қойған сұрағыңыздың жауапсыз қалуы-сұқбаттасушыңыздың сізді ұнатпауынан емес сұрағыңыздың сапасының төмендігімен де байланыста. Егер сұқбаттасушы эмоциясымен жақтыртпағанын білдірмесе, сұрақ қоюыңызды жалғастыруыңызға болады. «Аз сөз-алтын, көп сөз-көмір» деген тұжырымды жаңадан танысып жатқан адамыңызбен қатынас барысында ұстанбаңыз. Неғұрлым көп мәлімет алсаңыз, пікір қалыптастыру процессіңізге тиімді.

4.  Сөзге келіп қалған адамыңыз сіз жайлы теріс пікір қалыптастырып алды деп ойламаңыз. Ол басқаша ой қорытуы да ықтимал. Мысалы жұмыстасыңызбен конфликт туындаса, кеңседен тыс демалыс орындарда қатынастарыңызға қатысты мәселенің басын ашқаныңыз абзал. Дауысынан өктемік сезілген адаммен басындырмаймын деп сөзге келген абырой әкелмейді. «Үнсіздік-ұлы жауап» деге позиция түпкі жеңіске жеткізетін кілт. Сіз араластын адамдарыңызбен кез келген тақырыпта бірдей ойлай беруге тиіс емессіз. Кейбір ортақ ойлардың өзі қатынас татулығын қамтамасыз етеді.

getImage.jpg

5. Сұқбаттасушыңыз бен қатынас барысында ұнау үшін шектен тыс әрекеттерге бару оның адындғы құныңызды түсіреді. Шешіміңізден тайып онымен бірдей ойлауға тырыспаңыз. Өз позицияңыз болмысыңызға жайлы болса, өзге болмысқа транс жасап қажет емес.

6. Әркімге әрқилы қатынаста болу- екіжүзділік емес. Бірақ ол жерде бірнеше критерийді ескере кетіңіз. Жаңадан жұмысқа тұрар кезде, кездесуге кешіпеу, өзіңді ұқыпты ұстау жауапкершілігі жоқ тұлғаға да тиімді трюк. Осыдан соң жауапкершілігі жоғарылап кетуі де мүмкін ғой. Ал жүзтаныс, сіздің сүлеқос екеніңізді білетін адамдар шыдап жатса, еркелік таныта беруге болады)) Сіздегі аяқ астынан пайда болған жауапкершілік оларды таңдандыруы, тіпті  ойға қалдыруы ықтимал.

7. Жаңа адаммен танысқанда, атын сәлемдескеннен соң-ақ нақты айтыңыз. Әр сөйлемді есімін атап, қаратпа сөз арқылы түрлендіруіңізге де болады. Бұл әдіс есімді тез жаттауға ғана көмектесіп қоймай ол адаммен таныстығыңызды нығайта түседі.

8. Адамдармен сұқбат барысында телефоныңызды ұмытыңыз. Виртуалды және реал өмірде шекара болса адамдармен қатынаста тепе-теңдік орнайды. Телефонына көп қарайтын адамдарды «виртуалды ауру» деп емес,  «мені жақтыртпай жатыр» деп қабылдайтындар көп.

cartoon-6-9-web.jpg

9. Сізге сенбеген адамдарға сөзіңізді дәлелдеп әуре болмаңыз . 6 санына екі қырдан қарап алты я тоғыз деп таласқанмен тең ситуация. Адамдар позициясын тастап кеткісі келемейді. Әркімнің өз дұрысы бар. Сіздікі оларға бұрыс эффект береді.

Суреттер ашық дереккөзден алынды.

Сіз сенетін шайға қатысты жалған ақпараттар топтамасы
Никола Тесла - жетістікке жету жолдары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу