Сіз сенетін шайға қатысты жалған ақпараттар топтамасы

Oinet.kz 25-07-2019 1264

 f0d6dd63a19134903d444f4dddf711e8_ce_630x350x0x0_fitted_740x0.jpg

Бүгінде шайды түрлі мақсатта, түрлі талаптар қойып таңдап тұтынамыз. Бірақ сіздің сеніп жүрген ақпараттарыңыз өтірік болса ше? Назарларыңызға шайға қатысты жалған деректер тізімін ұсынамыз.

Шайды тек толық қайнаған сумен демдеу қажет

Әрбір шай сорты өзіндік температураны қажет етеді. Егер, сіздің түйіршігіңіз қызыл болса, 98-100 градуста қайнаған су қажет. Ал көк шай немесе ашықтау реңкте шай ішкіңіз келсе 75-85 градустағы су қажет. Одан жоғары температурада түйіршіктің дәмі мен хош иісі өзгеріске ұшырайды.

Демделген шайды 1 тәулік сақтауға болады

Бұл қате пікір. Кез келген сұрыптағы шайды демдегеннен соң қысқа уақыттың ішіннде ішіп қою қажет. Демделген шай неғұрлым ұзақ сақталған сайын ағзаға кері әсер ететін қоспаларды бөледі. Бір рет қолданылған түйіршікті екінші ет қолданбаған дұрыс. Бір шыны ақ шай шамамен 200 мл суға бір шай қасық демдеуіш салу арқылы даярланады.

Шай түйіршігін көбірек қосса дәмі жақсырақ болады.

Бір құпияны айтайық, қолданылған шай түйіршігінің мөлшері дәміне еш әсер етпейді. Әрбір шай түйіршігінің демделу темпереатурасы болғандай салыну мөлшері де жіктеледі. Егер керемет дәмдегі шай ішкіңіз келсе, қай плантацияда, қай маусымда жиналған шай жапырақшасынан дайындалғанына баса мән беріңіз.

imbirnyy-chay3.jpg

Кофеде кофеин болғандықтан, шай тұтынамын.

Арларыңызда дұрыс ақпарат тұтынамын деген оқырманның өзі шай мен кофеде кофеин деңгейінің тең екендігі жайлы ақпаратты шынайы деп бағлайды. Бірақ бұл да қате тұжырым. Шйдың құрамындағы кофеин мөлшері кофенікінен көбірек. Ұзақ уақы бойы шай тұтынып келген адамдардың шай ішпесе, басы ауыртындығы осы фактормен байланысты. Бірақ, айта кетерлік жайт, шай түйіршігінің құрамындағы кофеин сұйықтыққа толықтай түспейді. Жаңа демделген шай мен сақталған шайдың кофеині екі түрлі. Екіншісінде көбірек. Шайдың құрамындағы кофеин жүрек пен жүйке жүйесіне жағымды әсер етеді. «Қызыл шай жүрек ауруына шалдықтырады» деген пікірдің өрістейтіні де осы тұс.

Көк шай мен қызыл шай екі сұрыпты

Шайдың екі типі де бірдей жапырақшалардан даяындалады. Дайындау процессіндегі тәсіліне байланысты жапырақтан көк немесе қызыл шай әзірленеді. Қызыл шайды әзірлеу барысында ферменттер қолданылады. Осы жерде заңды түрде сауал туындайды, көк шай пайдалы ма қызыл шай пайдалы? деген сауал туындайды. Барлығының пайда массасы қатар. Сол себепті түрлі шай сұрыптарын байқап көруден бас тартпаңыз.

Суреттер ашық дереккөзден алынды.


Үй бикесіне керек кеңестер
Қатынас орнатудағы психологиялық қулықтар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу