Үй бикесіне керек кеңестер

Oinet.kz 25-07-2019 1011

 Screenshot_1.jpg

- Жұмыртқаны қайнатып жатқанда жарылып кетпеу үшін бір ас қасық тұз қосыңыз.

- Лимонды кесетін кезде шамалы уақытқа қайнаған суға салып қойсаңыз, жұпар исі мен дәмін ұзақ уақыт сақтайды. Әрі кеуіп кетпейді.

- Сүтті қайнатып жатқанда күйіп кетпеу үшін шамалы шекер қосыңыз. Шекер қосылған сүт ұзақ уақыт бұзылмайтынын ұмытпаңыз.Сүт пісіретін кастрөліңізді мұздай суға шайып алсаңыз да , сүтіңіз күймейді.

- Пышақты ыстық суға жумаңыз, өйткені өтпес болып қалуы мүмкін.

- Қуырылған балық дәмді болу үшін алдымен сүтке малытып алыңыз. Сонан соң ұнға аунатып өсімдік майына қуырыңыз.

- Лавр жапырағын ешқашан сорпада қалдырмаңыз. Бір қайнағаннан соң алып қоймасаңыз, тағамның дәмін бұзады.

- Тоңазытқыштың мұзын ерітіп, суын төккеннен кейін жылы суға ас содасын қосып жуып, іші әбден құрғағанша бір-екі сағат ашып қойған жөн. Сонда оған қойған тағамдар иістенбейді.

-  Жұмыртқаны ұзаққа сақтаудың сыры бар екен. Үшкір жағымен төмен сақталғанда жұмыртқа тоңазытқышта әлдеқайда ұзағырақ сақталатыны байқалған.

- Сорпаға тым көп тұз салып қойған жағдайда, оған бір ашылған картопты қосыңыз немесе дәкеге оралған күріш салыңыз.Картоп та, күріш те артық тұзды сіңіріп алады.

- Құймақ дәмді әрі әдемі болсын десеңіз, иленген ұнды бірден қолданбай, біраз уақытқа қойып қойыңыз.

- Балықты қуырар алдында ғана тұздаңыз.

- Кез келген көкөніс қайнап жатқан суға екі түйір қант салып жіберсе, ерекше дәм береді

- Балықтың жағымсыз исін кетіру үшін жақсылап жуып алыңыз да, екі сағатқа су құйылған кастрөлге салып қойыңыз. Оған 1 қасық сірке суын, 2 дана лавр жапырағы мен жарты пияз салыңыз.

- Қазанға ет салып оның көбігін алуды ұмытып кетсеңіз, үстінен бір стакан қайнаған су құйып жіберсеңіз көбігі қайтадан бетіне шығады

Инстаграмда атақты болу құпиялары
Сіз сенетін шайға қатысты жалған ақпараттар топтамасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу