Би билеудің артықшылығы

Oinet.kz 31-07-2019 1728

5013752.jpg

 Би – сымбаттылық пен дене мүсінін, төзімділік пен икемділікті қалыптастыратын жаттығу. ⠀ 

- Ол икемділікті дамытады және бұлшық еттердің қалпын сақтауға ықпал етеді, бұл, әсіресе, буындары ауыратын адамдарға өте пайдалы. ⠀  

- Сонымен қатар, би адамның көңіл күйін көтереді, тамақты сіңіруге көмектеседі. Бұлшық еттің дамуына да ықпалы зор.

- Би сағатына шамамамен 400 ккал энергияны жоқ қылып жібереді.  

- Бес айлық және екі жас аралығындағы сәбилер музыка ритміне сай қозғалыс жасау қабілетіне ие. Оларға қарапайым сөйлеуден гөрі би қатты әсер етеді. ⠀ 

- Қытайда ерлердің ішпен билеу үрдісі кең таралған. Олар артық салмақпен осылай күреседі. 

- Би адамның жүйке жүйесіне жақсы жағынан әсер ете алады. Мысалы, би жүйкеге түскен ауырлықты басады, бас ауруларын қайтарады, артериалды қысымды қалыпқа түсіреді. 

- Кәсіби бимен айналысатын адамдарда ешқашанда Паркинсон ауруы болмайды. ⠀ 

- Үнді классикалық биінде белгілі бір сезімді жеткізу үшін көз ғана емес, қас та, ерін де, мұрын да, бет те, иек те, құлақ та қимылдайды. 

- Бұл бет бұлшық еті үшін таптырмас жаттығу бола алады. ⠀ 

- Билеудің адам денсаулығына ешқандай зияны жоқ. Керсінше, осы билеу арқылы күйзелістен де арылуға болады. ⠀ 

- Билеп жатқан адамда зат алмасу процесі жақсы жүреді. 

- Жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу жүйелері қалпына келіп, иммунитет күшейеді. 

- Әртүрлі би қимылдарына салып билеуіңіз арқылы сіздің миыңыз да қалыпты жұмысына көшеді. ⠀ 

- Би билеуден қысылсаңыз, күнделікті 5-10 минут уақыт бөліп, айнаға қарап, шығыс биінен бастаған жөн. 

Миды қуаттандыратын тағам түрлері
Студенттерге жұмыс іздеуге нұсқаулық
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу