Әдемі ұрысу жолдары

Screenshot_3.jpg

 Үлгілі жанұя сіз үшін - ұрысып көрмеген, тату, идеалды отбасы  делік,  ал шындығында қиялыңыздағыдай отбасы жоқ. Кез-келген шаңырақта екі түрлі психологиялық субъект яғни келіспеушілік міндетті түрде болады.  Орын алған түсініспеушіліктер кезінде, ұрысудың да  өзіндік тактикалары бар. Сіздерге әдемі ұрысу жолдарын ұсынбақпын. 

- Отбасы, туыстармен, жұбайлардың арасында болатын кикілжіңдерді олардың жүрегін жараламай шешіңіз.

- Жеке шекарасын аттамау.

- Жеке басына қатысты мəселемен намысына тимеу.

- Мазақ етіп,былапыт сөздермен даттамау.

- Жарыңызға: - көңілге тиетін сөздер айтып, артық кетіп жатсам, есіңде болсын, «Мен сені қатты жақсы көремін. бар болғаныма рақмет» - осы секілді жүрек жылытар сөздерді жиі айтып жүріңіз.  

- Өткен істерін айналдырып əкеп бетіне баспау.

- Бүкіл мәліметті ақтарып,архивты қопарып алдына əкелудің керегі жоқ! Олай етсеңіз,сол кездегі басынан өткерген жағымсыз эмоцияларды есіне саласыз.Одан əрі сізден көңілі суып, сіздің де айыбыңызды ақтарып,өзін ақтап алуға тырысады.

- Сен бүйткенсің! Үнемі осындайсың! Отбасыңды ойламайсың,- деген  сөздердің орнына  нақты шешілмей тұрған істің шешілуіне ықпал жасаңыз . 

- Санаспаңыз. Жасағандарыңызды артығырақ көріп,тізбектемеңіз. Әйелдер үйіне салым салса,еңбегі сіңе бастаса оны айтып, міндет етіп шығады. Күйеуінің өзі сияқты отбасына көбірек  табыс әкелгенін қалайды. Десек-те, шаңырақтарыңызды бəсекелестік,шайқас алаңына айналдырғанша,күйеудің ұсақ-түйек жақсылығына мəн бере отырып, жасап жатқандарыңызды ең алдымен Аллаһтан қайтады деп, əрі өзіңізге қажет болғаны үшін жасағаныңызды ойлаңыз .

-  « МЕН» хабарламасын қолдану. Келесі тарапты сынап, мін тағып, кінəсін көрсетуге талпынғаныңызбен өзін ақтап, сізді кінəлау үшін мəселе табуына жол ашасыз да, ұрысты ұлғайтып жібересіз. Оның орнына, « Маған осы жағдай ауыр тиді», «Жүрегім ауырды»,  «Мені осы ісің қатты қапаландырды» дегендей ол адамға сигнал əдемірек,тік найзадай болып баратын әсерлі сөздерді қолданыңыз. 

- Ең жақын адамдарына сөз тигізбеу. Осы қағиданы әрдайым назарға ұстап жүріңіз. 

- Ашуын еркелікпен басыңыз. 

- Асан Пердешовтың: - Ашуланып ұрсамда тұрады ол күліп,- деп ән жолдарында айтылғандай,келіспеушілік кезінде сыңғырлаған күлкіңізді  ақылдылығыңызбен пайдаланыңыз. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Семіздіктің алдын алу үшін қолданылатын 15 әдіс
  • Шаш типіне сәйкес тарақ таңдаңыз
  • Сыра өте пайдалы...
  • Артық қаражатты қажет етпейтін бизнес идеялар (2)
  • Өтірікші сіздің құрығыңызда