Сүйелшөп – жүз аурудың емі

Oinet.kz 21-10-2019 2938

Znalezione obrazy dla zapytania чистотел

Саяжай учаскелері мен қала сыртындағы үйлердің көгалдарында көп мөлшерде ірі сары түсті шөп өседі, олардың сабақтарының сынықтарында сүттей ақ шырындары болады. Ол – сүйелшөп деп аталады.

Тамшылай – дәрі, кеседей – у.

Сүйелшөптің құрамында адам ағзасындағы түрлі бактерияларды жоюға қауқарлы у бар, алайды оның шектен тыс дозасы адам өмірі үшін қауіпті. Оны дәрі ретінде қолданғанда айран, сүзбе, сүт, ряженка секілді сүтті өнімдерді тұтынуға кеңес беріледі, олар оның уыттылығын төмендетеді.

Халық арасында сүйелшөп ежелден жүз аурудың емі есептеледі.

Ең алдымен, ол-өзінің атауына байланысты тері мәселелерімен - қышымамен, экземамен, фурункулезбен, безеу және әртүрлі саңырауқұлақтармен, сондай-ақ сүйелдермен, кондиломдармен, полиптермен және тіпті мүйізгекпен күреседі. Ол үшін оның шырынымен терінің зақымданған бөлігін сүрту қажет. Керек десеңіз шөптерді салып жылы ванна жасауға да болады. Олар жалпы нығайтқыш болып қана қоймай, аллергия мен диатезден зардап шегетін балалар үшін өте пайдалы. Сүйелшөп герпес үшін де тамаша құрал.

Сүйелшөп сонымен қатар тыныс алу жолдарының ауруларын (бронх демікпесі, туберкулез, жөтел, көкжөтел), АІЖ (асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы, ішек қабынуы, асқазан обыры, колит), сондай-ақ гепатит, ревматизм және қалқанша безі бар проблемаларды да таза емдейді.

Зат алмасу процесін жылдамдату үшін...
Жүктілік кезіндегі токсикоз ана мен бала өміріне әсер ете ме?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу