Жүйке жүйесін тыныштандыру үшін

Oinet.kz 05-12-2019 974

Денсаулығымыз жүйке жүйесімен тығыз байланысты. Күйзеліс бұлшық еттерді зақымдаса, өкпе мен реніштің арты оба аурына алып келуі ғажап емес. 

Күніңіз сәтті өту үшін көтеріңкі көңіл-күймен ояныңыз. Ал ол үшін түнгі ұйқыңыз тыныш болсын. Жастығымыздың мойын астында орналасатын бөлігі 5-7 сантиметр, ал қалған жері 2-4 сантиметр болуы тиіс. 

Screenshot_6.jpg

Жақсы көңіл-күймен оянсаңыз да жұмысқа барғыңыз келмей тұр ма? Жұмысты міндетім деп емес ойламаңыз, алған жалақыма қалаған затымды алып, ұнатқан жеріме барып демаламын деп қараңыз. Алдыңызға жұмысқа қатысты мақсат қойып, соған жету үшін талпыныңыз. Және ең бастысы әріптестеріңіздің қателіктерін кешіре біліңіз. Оларға кек сақтамаңыз. Біреу ренжітсе, өтірік жымия салудың қажеті жоқ. Әрине, жұдырық ала жүгіріңіз демейміз, орнына реніштеріңізді қағазға жазып, оны аяусыз жыртып тастаңыз. Бұдан кейін өміріңіздегі бақытты сәттерді дәптерге жазып отырыңыз. Біреуге ашуланған кезде сол дәптерге қарап, жақсы күндеріңізді еске алатын боласыз. Өзгерісті уақыт өте келе түсінесіз. 

Неміс мейірбикесінің украиндық әріптестеріне берген кеңесі
Кальций сұйықтығын қалай жасайды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу