Жүрек талмасы кезінде не істеу керек?

Oinet.kz 09-12-2019 2039

Жүрек талмасы (миокард инфарктісі) кинода көрсеткендей айқын – өткір ауыруымен, әлсіздік немесе тұншығып қалу белгілерімен болмайтынын есте сақтау қажет. Көбінесе оның белгілері бірнеше сағат немесе бірнеше күн аралығында біртіндеп дамиды, сондай-ақ басқа ауруларға ұқсаған болады (мысалы, асқазанның ойық жаралы ауруы және асқазан эрозиясы немесе тіс ауруы). Бірақ кеудеңізде (немесе денеңіздің жоғарғы жартысының басқа бөлігінде: іш қуысы, иық, арқа, қол, жақ) ауыру немесе ауа жетпей, тұншығу сезімі пайда болса, 5 минуттан артық тоспай, жедел жәрдемді шұғыл шақыру қажет. Өміріңіз көрсетілген медициналық көмектің жылдамдығына байланысты болуы мүмкін.  Статистика бойынша 15%-ға жуық пациенттер миокардтың жіті инфарктінен қайтыс болатыны көрсетілген.

Screenshot_10.jpg

АУЫРУ:

Миокард инфарктісін айғақтай алатын, ең көп кездесетін симптом кеуде ауыруы болып табылады. Ауыру көбінесе кеуденің ортасында немесе сол жағында оқшауланады, бірақта ол дененің жоғарғы жартысының кез келген жерінде орын алуы мүмкін: іш қуысы, иық, қол, төменгі жақ (әдетте, оның сол жақ жартысында), сондай-ақ жауырын мен мойын ауданында. Ауырсыну сипаты әр түрлі болуы мүмкін, алайда көбінесе ол қысып, керіп ауыру немесе жанын жегідеу жеу сезім, кейде қыжыл пайда болып асқазан ауруына ұқсайды. Ауырудың қарқындығы әр түрлі болады – сыздау қолайсыздығынан бастап қатты шыдатпайтын ауруға дейін. Ауыру дененің жату-тұру жағдайына тәуелді емес және тыныштықта, сондай-ақ нитрлі препараттарды қабылдаған соң басыла қоймайды. Ауырсыну ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін болуы мүмкін, ауыру басылып қайталауы мүмкін. Әйтсе де инфаркт мұндай «классикалық» түрде әрдайым көріне бермейді. Кейбір жағдайларда қосымша белгілері байқалады:

ЕНТІГУ:

Ауаның жетіспеушілігі сезімі, ентігу, тұншығу. Ентігу миокард инфарктісінің жалғыз ғана белгісі болуы мүмкін.

ӘЛСІЗДІК, БАС АЙНАЛУ, ТЕРШЕҢДІК, ЖҮРЕК АЙНУЫ, ҚҰСУ:

Ауырудың ілеспе белгілері бола тұра, міндетті түрдегі белгілері бола бермейді. Кино немесе телебағдарламаларда көрсететіндей, миокард инфарктісі кенеттен күрт басталуы әбден мүмкін емес. Көп жағдайда ауыру мүлдем болмауы мүмкін, және белгілері білінер-білінбес болады. Пациенттер кейінірек жоспарлы тексеру барысында, миокард инфарктісіне шалдыққандарын білген кезде таңғалады. Әдетте, бұл қант диабетімен ауыратын және 75 жастан асқан адамдар болып табылады. Егерде адам миокард инфарктісін бір рет бастан кешсе, қайталану инфарктінің белгілері мүлдем басқа болуы мүмкін. Миокард инфарктісін айқындайтын қауіпті белгілерімен стенокардия ауруы бар болғанда, болуы мүмкін:

• 20 минуттан аса созылатын ауыру;

• Нитрлі препараттарды қабылдаған соң ауыру басыла қоймайды;

• Тыныштықта пайда болатын немесе тыныштықта басылмайтын ауыру (яғни физикалық жүктеме немесе эмоциялық ширығу болмаған кезде);

• Ауырсынудың жоғары қарқындылығы Жоғарыда аталған белгілер жүрек-қантамырлары ауруларымен байланысы жоқ басқа бір аурулардың немесе басқа проблемалардың салдары болуы мүмкін екенін айта кету керек.

Инсульттің негізгі белгілері. Іс жүзінде инсульттің белгілері болып үнемі табылады:

кенеттен қатты бас ауруы және/немесе бет ауырсынуы, көру қабілеттігі (соқырлыққа дейін) немесе есту (бітеліп қалған сияқты) нашарлауымен беттің бұлшық еттерінің әлсіздігі;

құсу;

бас айналу, жүру үйлесімінің бұзылуы, тәлтіректеушілік, құлау; сөйлеу қабілетінің бұзылуымен (афазия) уақытша есті жоғалту; сал ауруы (аяқ-қол, бет, тіл), жұту қызметі бұзылуымен;

жадыныңбұзылуыжәнежоғарыұмытшақтық;

селкілдекұстамалар;

тыныс алу бұзылыстары (шулы, жиі тыныс алу) және сопорозды немесе коматозды күйі дамуымен беттің зардап шеккен жағында айқын гиперемиясымен естен тану (геморрагиялық инсульт кезінде).

Үйде осындай жағдай туындаған кезде науқасқа шұғыл көмек көрсету қажет және дереу жедел жәрдемді шақыру керек. Ауруханаға дейінгі кезеңінде үйдегі алғашқы көмек Инсульт кезінде «жедел жәрдем» келгенге дейін не істелу тиіс – науқасқа толық тыныштық қамтамасыз ету керек, ал қажет болған жағдайда, инсульт кезінде алғашқы көмек жүргізіледі – пациенттің өміріне маңызды функциялар қамтамасыз етіледі: тынысты қалыпқа келтіру – науқастың басын бір жаққа бұрып таза шүберекпен ауыз қуысын тазалап, тіс протездері шешілсе алып тастап, тыныс алу жолдарын шырыш, қақырық, құсықтан тазалап, таза ауаға жол ашу қажет (терезені немесе желкөзді ашу). Сондай-ақ, барлық қысатын заттарды (галстук, орамал, жағадағы түймені ағыту) алып тастау қажет; бас миының ісінуін болдырмау үшін – науқастың басы мен денесінің жоғары бөлігін 25-30 сантиметрге көтере түсу қажет; дірілдеген синдром кезінде: тістердің арасына абайлап қалың мата салып тілін тістеуге жол бермеу керек және басын соғып алмау үшін бөгде заттарды алып тастау қажет; жүрек тоқтап қалған кезде – шұғыл өкпе-жүрек реанимациясын (жүректі уқалау тікелей емес және / немесе жасанды тыныс алу) өткізу керек. 

Г.Қ. Мұқанова, Павлодар облысының штаттан тыс бас кардиологы

Спортпен айналыссаңыз да, дәрігермен кеңесіңіз...
Шөлді басатын сусындар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу