Ғалымдар ішімдікке тәуелділіктің себебін анықтады

Oinet.kz 22-12-2019 811

Солтүстік Каролина университетінің нейробиологтары адамдардың ішімдікке бейім болуының себебін анықтады. Мамандар алкогольге тәуелділікке жауап беретін нейрон жасушаларынан тұратын тізбекті анықтады. Зерттеу жұмысының нәтижесі Biological Psychiatry басылымында жарияланды. Ғалымдардың айтуынша, жасушалардың мұндай тізбегі ми қабығының вентральді бөлігі мен бадамшасын байланыстырады. Олар өз кезегінде күйзеліс пен тәуелділік реакцияларына жауап береді. 

thumb_187_650_400_0_0_auto.jpg

Бұған дейін мамандар бұл бөліктердің ішімдікке тәуелділікті оятады деп келген еді. Енді нейрологтар бұл екі бөліктің бір-бірімен нейронды жүйелер арқылы байланысатынын анықтап отыр. Мамандар бұл байланыстардың проекциялық нейрондардан тұратынын анықтады. Олар белгілерді мидың басқа бөліктеріне бере алады. Проекциялық нейрондар өз кезегінде күйзеліспен күресуге арналған кортикотропин-рилизинг-гормондарын бөледі. Егеуқұйрықтарға жасалған тәжірибе мидың екі бөлігінің арасындағы байланыстың белсенділігін бәсеңдету ішімдік ішуден сақтайтынын анықтады. Енді мамандар зерттеу жұмысының ішімдікке тәуелділіктен емдеудің жаңа әдісін жасауға көмектесетініне сенім артып отыр.

Тиімді тамақтану - денсаулық кепілі
Бұлшықет өсіру үшін ауыр салмақ көтерудің қажеті жоқ екен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу