Маскүнемдік тұқым қуалай ма?

Oinet.kz 23-12-2019 1462

Салауаттылық – денсаулықты жақсартып, материалдық байлықты арттырудың, еліміздің күш-қуатын көтерудің бір көзі. Сондықтан да халқымыз алкоголизмге, маскүнемдікке, есірткіге қарсы күресті қолдайды. Дегенмен, жалпы адам организміне зардап тек арақ-шараптан ғана келеді десек, қателескен болар едік. Бұл күндері «сәнге» айналып жүрген темекі шегудің зияндылығы да аз емес. Тіпті оны шегуді былай қойғанның өзінде, темекі плантациясында жұмыс істеп журген кыздардың, қалыңдықтардың бала көтермей қалу қаупі тағы бар.

Screenshot_5.jpg

Нашақұмарлықтың, темекіқұмарлықтың, наркотикалық есірткілерді пайдаланудың салдарынан жарымес, мүгедек, аурушаң нәрестелер өмірге өксіп келеді. Ал оны болдырмаудың бірден-бір жолы – осы айтылған жағымсыз жайларға, бос уақыттарын міндетті түрде сырахана, ресторан маңында көзін сүзіп, күнін өткізетін кәнігі маскүнемдердің «дәстүріне» жол бермеу. 

Өмір өлшемі – салауаттық, салауаттық – өмір заңы. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өміріңе қажетті нәрсені ала алмайсың. Адам баласының жарасымды тұрмыс құрып, үйлесімді дамуы үшін біздің елде барлық жағдай жасалған. Өнердің, спорттың сан-салалы түрімен айналысуға болады ғой. Олардың қайсысынан болса да жан дүниең ләззат тауып, сезіміңе әдемі түйсік алады емессің бе? Одан өмірің мәнді, мазмұнды бола түседі емес пе? Олай болса, арақсыз, есірткісіз, темекісіз әрі мазмұнды, әрі сәнді өмір сүруге болады. Алдамшы құмарлықтан бас тартып, өзін-өзі билей білу – адам бойындағы ізгі қасиет, үлкен парасаттылық.

Ішкілікке үйір болып туатын адам жоқ, маскүнемдік тұқым да қуаламайды. Оған көбінесе мол дастарқан басындағы отырыстар ырду-дырду араласқан адамдар, жүрген орта себепкер болады. Маскүнемдіктен сақтандыру, оның алдын алу мәселесі бұл күндері кімді болса да бейғам қалдыра алмайды. Өйткені алкоголизм мен маскүнемдіктіц артында жеке адам, отбасы тағдыры тұр. Оның ауыр зардабы жанашыр жақынды да, бейтаныс адамды да аямайды. Теріс жолға түскен адамға білікті де дұрыс ақылшы керек. Ішімдік салдарынан маскүнемнің жан дүниесінде болған дағдарыстарды, өміріндегі сәтсіздіктерді көріп, түсіне, түсіндіре білетін, көзін жеткізіп айта білетін шын жанашыр адам керек.

Маскүнемдік адамдардың денсаулығын бұзып, шаңырақтың тату-тәттілігін шайқалтады. Адамды әл-қуатынан, ерік-қайратынан айырады. Тапсырылған іске салдыр-салақ қараушылықты тудырады, еңбек өнімінің төмендеуіне әкеп соқтырады. Маскүнемдік ағайыншылыққа, сыбайластыкка, жең ұшынан жалғасушылыққа, тамыр-таныстыққа жол ашады, принципсіздік тудырады, қылмыс жасауға итермелейді.

А.ЧАЛКАРОВ, 

«Абай» Сарыағаш аудандық ауруханасының нарколог дәрігері

Адамның ең көп дегенде қанша жыл өмір сүретіні анықталды
Тұмаудан сақтанудың 10 амалы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу