Тұмаудан сақтанудың 10 амалы

Oinet.kz 23-12-2019 2474

Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеудің дұрыс екендігін бәріміз білеміз. Қысты күні тұмау індетке айналып, біреуіміз сырқаттансақ, үй ішінің бәрі жабыла ауыратыны да бар. Тұмаудың алдын алуға жәрдемдесетін мынадай амалдарды ұсынамыз. 

Screenshot_10.jpg

Қолыңызды жиі жуыңыз. Бала күннен-ақ құлаққа құйылатын бұл ақылдың пайдасы мол. Тұмаумен ауыратын адам түшкіргенде, жөтелгенде аузын қолымен жабады. Сосын сол қолымен телефон тұтқасын, ыдыс-аяқты, компьютер тетіктерін, автобус тұтқаларын, тағы басқа нәрселерді ұстайды. Сол жерлерде ауру қоздырғыштары бірнеше апта бойы тіршілік етеді. Егер жақын маңда қол жуатын жер болмаса, өзіңізбен бірге ылғал салфеткалар алып жүріңіз. Ол да болмаса, қолды жуған секілді ысқылап қоюға болады. Қолды осылай құрғақтай жуу кейбір бактерияларды жояды. 

Бетіңізге қол тигізбеңіз. Вирустар тәнге көз, ауыз, мұрын арқылы енеді. Балалар көбіне ауруды осылайша жұқтырады. 

Сұйықтықты мол ішіңіз – күніне 2 литрге жуық. Су тәннен зиянды заттарды шығарады әрі ылғалдандырады. 

Моншаға жиі баруға тырысыңыз. Будың емдік әсерінің құпиясын зерттеушілер әзірге ашқан жоқ. Алайда 1989 жылы неміс медиктері бұлау мен себілден гөрі моншаны ұнататын адамдардың екі есе сирек ауыратынын анықтаған. Теориялардың бірі бойынша, 80 градусқа дейін қыздырылған сумен тыныс ала отырып, біз іштегі вирустарды өлтіреміз. 

Таза ауада жиі серуендеңіз, бөлмені желдетіңіз. Қысты күні үйдегі жылу көздің, ауыз бен мұрынның шырышты қабатын кептіріп тастайды, содан келе бұл мүшелер вирустарға дәрменсіз болып қалады. 

Дене шынықтырумен айналысыңыз. Әсіресе аэробика пайдалы. Жаттығулар жүректі, өкпелерді, тер бездерін белсенді жұмыс жасауға итермелейді. Осының нәтижесінде вирустарды өлтіретін жасушалар белсенді түрде түзіле бастайды. 

Өсімдік өнімдерін қою жасыл, қызыл, сары түсті жемістер мен көкөністер, майы аз йогурттарды аз жеңіз. Бұлар иммунитетті ынталандырады. 

Темекіден бас тартыңыз. Тіпті темекі түтінімен тыныс алудың өзі мұрын мен өкпенің шырышты қабатын кептіреді, соның салдарынан иммунитет зардап шегеді. 

Алкогольден аулақ болыңыз. Ішімдік тәнді сусыздандырады және маңызды тазартқыш жүйе – бауырға зиянды. 

Денеңізді босаңсытыңыз. Егер жаныңыз жай табатын бейнелерді елестетсеңіз, иммундық жүйе іске қосылады. Адам босаңсыған кезде қанда вирусқа қарсы әсер ететін интерлейкиндер көбейеді. Бұны арнайы зерттеулер дәлелдеген. Әрине, денені саналы түрде босаңсыту уақытты қажет етеді – оған бірнеше ай бойы күніне жарты сағаттан бөлу керек. 

Маскүнемдік тұқым қуалай ма?
Темекінің қандай зияны бар?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу