Генетикалық паспорт дегеніміз не?

Oinet.kz 23-12-2019 25456

Сіздің генетикалық тестіңіздің нәтижелері жайлы генетик дәрігерлердің түсінікті тілде жазған құжаты.

Онда онкологиялық, Паркинсон, Альцгеймер аурулары, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, псориаз, алопеция, шорбуын ауруларына бейімділік деңгейін анықталып, жазылады.

Screenshot_18.jpg

Өкініштісі, екінің бірі генетикалық паспорт жасата бермейді, қалтасы көтермейді. 2017 жылғы дерек бойынша, анализдің бағасы – 285 мың теңге.

Мұнда тұқым қуалайтын аурулардың статусын, дәрілік препараттарға жеке сезімталдық пен зат алмасу ерекшеліктері, физиологиялық және интеллектуалды ерекшеліктер мен шыққан тегінің географиясына дейін зерттейді.

Анализ түкіріктен алынады, белгілі шарттары бар. Мәселен, анализ тапсырардан 30 минут бұрын, сағыз шайнауға, тамақ ішіп жеуге, сүйісуге, тісті тазалауға, шылым шегуге болмайды.

Жаңажылдық депрессия. Одан қалай шығуға болады?
Жүктілік кезінде сау деген бала неге ауру болып туылады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу