Ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу жолдары

Oinet.kz 01-01-2020 1687

Пациенттің ауруханаға шипа іздеп келіп, дертіне дерт қосып алатын жағдайлар да кездеседі. Мұны ауруханаішілік инфекция деп атайды. Науқастың ауруханаға түсуі не амбулаторияға медициналық жәрдем алуға келуі нәтижесінде клиникалық жолмен жұғатын (микроб, вирус не паразит текті) кез-келген жұқпалы ауру медицина қызметкерінде  кездесуі мүмкін. Оған жұмысына байланысты ауырып барған адамнан жұққан болуы да мүмкін. Ауру белгілері ауруханада білінбегенімен не одан тыс мезілде көрінуі де ғажап емес. Дегенмен, мұндай ауруханаішілік инфекцияның қалай алдын алуға болады? Сақтану үшін не істеу керек?

Screenshot_8.jpg

Ауруханалық инфекциялар қоздыратындар:

- патогенді микроорганизмдер (ішектік, вирустық, ауа-тамшылы жұқпалар);

- шартты патогенді микроорганизмдер (хирургиялық іс-әрекеттер аймағы инфекциялары, төменгі тыныс жолдары инфекциялары (өкпе қабынуы), несеп жолдары инфекциялары, қан арнасы инфекциялары және басқа орындар инфекциялары (тері мен сілемейлі қабаттар, буындар мен сүйектер, жүрек-қан тамырлар жүйесі, көз, құлақ, тамақ, мұрын мен ауыз,т.б. инфекциялары).

Қозғыштар арасында стафилококктар, стрептококктар, грам-теріс бактериялар (ішек таяқшасы, клебсиелла, протей), псевдомонадтар, легионеллалар, ротавирустар, цитомегаловирустар, т.б. тудырады. Акушерлік стационарда грам-оң микрофлора (стафилококктар, стрептококктар), хирургиялық бөлімшелерде грам-теріс микрофлора (клебсиелла, протей) таратушылар саналады.

Ауруханішілік инфекциялық аурулардың (АІИА) алдын алу жөніндегі іс-шараларды тиімді ұйымдастыру және жүргізу үшін әрбір медициналық ұйымда инфекциялық бақылау бағдарламасы әзірленеді:

1) ауруханаішілік инфекцияларды есепке алу мен тіркеуді;

2) АІИ-мен сырқаттанушылықты талдауды, тәуекел факторларын анықтауды, АІИ-дің белең алуын тексеруді және оларды таратпау бойынша шаралар қабылдауды;

3) микробиологиялық мониторингті ұйымдастыруды және жүргізуді;

4) антибиотикалық-профилактикалық және антибиотикалық терапия тәсілдерін әзірлеуді;

5) кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды;

6) инфекциялық бақылау мәселелері бойынша персоналды оқытуды;

7) санитариялық-эпидемияға қарсы режимді ұйымдастыруды және бақылауды;

8) медициналық қалдықтарды жинауды, зарарсыздандыруды, уақытша сақтауды, тасымалдауды және кәдеге жаратуды ұйымдастыруды көздейді.

АІИ жағдайларын уақтылы анықтау, тіркеу мақсатында емдеуші дәрігерлер АІИ жағдайларын белсенді анықтауды жүргізеді. Инфекциялық бақылау жөніндегі маман нозокоминальды инфекцияның даму тәуекелі жоғары денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымдық бөлімшелеріне аптасына кемінде екі рет клиникалық тексеріп аралауға қатысады, зертханалық тексеру нәтижелерін, температуралық парақтар деректерін, ауру тарихындағы антибактериальдық терапияның тағайындалуын (ауысу, күшейту), патологиялық-анатомиялық бөлімше есептерін талдайды.

АІИ-дің жағдайы эпидемиологиялық диагностика деректерінің, науқас адамда болатын (эндогенді факторлар) және медициналық араласу жүргізумен байланысты тәуекел факторларының, ауруханаішілік инфекцияларды анықтау критерийлері ескеріле отырып негізінде комиссиямен анықталады.

Медициналық ұйымнан шығарылғаннан кейін 7 тәулік ішінде жаңа туған нәрестелердің тері инфекциясы анықталса, осы медициналық ұйымның АІИ ретінде есепке алынуға жатады. Эндометритке шалдықса, медициналық ұйымнан шығарылғаннан кейін 14 тәулік ішінде есепке алынуы тиіс.

АІИ жағдайын тіркеу туралы мәліметтерді беру кезінде медициналық ұйымға келіп түскен күні, АІИ белгілері пайда болған күні, тоқтату, бұрын болған медициналық манипуляциялар (бөлім, емдеу-диагностикалық ем түрлері) көрсетіледі. Ауруханаішілік сырқаттанушылықтың анықталған әрбір жағдайы инфекциялық ауруларды тіркеу журналына енгізіледі.

Бір инкубациялық кезеңде бір медициналық ұйымда АІИ 3 жағдайға дейін тіркелген кезде (өлім-жітім жағдайларын қоспағанда) эпидемиологиялық тексеруді медициналық ұйымның госпитальдық эпидемиологы жүргізеді. Бір инкубациялық кезеңде бір медициналық ұйымда тіркелген АІИ-дің өлім-жітім жағдайы, сондай-ақ АІИ-дің 4 және одан да астам жағдайлары тіркелген кезде эпидемиологиялық тексеруді аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органының мамандары жүргізеді.

АІИ-дің стандартты анықтамалары эпидемиологиялық, клиникалық, микробиологиялық деректерге негізделген.

АІИ-ді зерттеу айыптыларды іздестіруге емес, инфекцияның алдын алуға, шығу қауіп факторларын айқындау және шыға қалса, дер кезінде емдік, эпидемияға қарсы шараларды іске асыруға бағытталады.

З.ИЗБАСАРОВА, 

Шымкент қаласы Қаратау ауданы ҚДСБ Эпидемиялық қадағалау бөлімінің басшысы

Дұрыс тамақтанбаудан болатын аурулар
Сіз кімсіз медициналық ерікті?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу