Күміс – микробтарды жояды

Oinet.kz 15-01-2020 789

pochistit-serebro-v-domashnix-usloviyax.jpg

Қазба жұмыстары кезінде көптеген ежелгі қорымдардан алтын және күмістен жасалған ыдыстар аз болмаған. Бағалы металлдан жасалған ыдыстар сән-салтанаттың ғана белгілі емес, сонымен қатар олардың денсаулыққа пайдасы бар екенін білдіреді. Әсіресе күмістің емдік қасиеті аса жоғары. Ол тістің қызыл иегін бұзылудан сақтап, бактерияларды жойып, асқазан-ішек жолдарын тазалайды. Ендеше, бұл металды адам организміне қалай жеткізуге болады?

Мұның ең өнімді жолы – күміс қасықтарды пайдалану. Әсіресе, қасық жұмсақ қақтаған ақ күмістен жасалса. Сонда ғана оның иондары сумен бірге организмге сіңеді. Мұны күміс қасықтың шетінің «мүжілуі» айқын аңғартады. Үйіңіздегі күміс қасықтың шеті қаншалықты көп мүжілсе, денеңіз күміс иондарын соншалықты көп сіңірді, пайдаланды деп түсінуге болады. Әсіресе, күміс қасық жас балаларға пайдалы, күмісті бала организміне жеткілікті бергіңіз келсе, әр түрлі дәмді тағамдарды балаға күміс қасықпен қою күйінде беру керек. Сол кезде бала қасықты аузына көп ұстайды да, оның организміне көп тарайды.

Күмістің адам ағзасына пайдасы жетерлік. Айталық тұмау және жұқпалы ауруларға төтеп бере алмауының себебі иммундық жүйедегі күмістің азаюынан болады. Күміс тек қана ауру тудыратын элементтерді жойып қоймай, ағзадан зиянды токсиндер мен микробтарды шығарады. Тіпті ағзада аз ғана күміс жетіспеушілігі байқалған жағдайда адамның жұмыс істеу қабілеті төмендеп, қорғаныс қасиеті азайып, тез шаршау пайда болады.

Конго-Қырым қызбасы көктемде қозады
«Тырнағына қарап мінезін біл»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу