Конго-Қырым қызбасы көктемде қозады

Oinet.kz 15-04-2018 802

20190506180014.jpg

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы зоонозды табиғи – ошақты жұқпалы ауру. Аурудың негізгі табиғаттағы резервуары мен оның көзі, вирусты ұрық арқылы немесе метаморфоз барысында иксоидты кенелердің (көбіне гиалома тектес) болып табылады. Вирустың уақытша резервуары – жануарлар.

Аурудың жұғу механизмі – трансмиссивті. Кененің шағуы арқылы жұғады. Сонымен бірге науқастың қанын жалаң қолмен ұстағанда, науқасқа күтім жасағанда, лабораториялық жағдайда және ауруханада науқасқа ем жүргізу кезінде медицина мамандарына жұғу қауіптілігі жоғары болады. Ауру көктем, жаз айларында пайда болады. 

Клиникалық белгілері: инкубациялық кезеңдері 2-14, орташа 3-5 күн. Ауру кезеңді түрде өтеді. Алғашқы кезе4 3-4 күнге созылады. Ауру жедел басталады. Дене қызуы тез арада жоғарғы деңгейге жетеді. Кейде қатты қалтырау болады. Қызбасы орташа 7-8 күнге жетеді. Қызбамен бірге миалгия, артралгия, басының қатты ауырсынуы, кейде ішінің, бел аймағының ауырсынуы болады. Кейбір жағдайларды Пастернацкий симптомдарының оң мәнді болуы мүмкін. Қан қысымы төмендейді, тамыр соғысы дене температурасына жиі сәйкес келеді. Аурудың шарықтау кезеңінде – гемморагиялық белгілер пайда болуы. Бұл кезең 2-6 күнге созылады. Дене қызуы қысқа уақытқа төмендеп, екі өркешті температура сызығы болады. 1-2 күннен кейін дене қызуы қайтадан көтеріліп, тромбогеморрагиялық белгілер дамиды. Бұл аурудың ауырлығын және болжамын анықтайды.

Науқастың денесінде гемморагиялық бөртпелер, қан құйылулар инъекция жасаған жерде гематомалар пайда болады. Сонымен бірге мұрыннан, құлақтан, қызыл иектен, жатырдан, асқазаннан ішектен қан кету байқалады. Бұл кезде науқастың жағдайы нашарлайды, интоксикация белгілері күшейеді. Объективті қарағанда науқастың терісі бозғылт, акроцианоз байқалады. Жазылу кезеңі науқас дәрігерге дер кезінде қаралып, дұрыс ем қабылдаса науқас жазылуға бет бұрады. Ауырлық дәрежесі бойынша аурудың жеңіл, орташа ауыр және ауыр түрлері ажыратылады.  

Аурудың аклдын алу мақсатында ауруды тасымалдайтын кенелерді жоюға бағытталған жұмыстар жүргізіледі. Малдарды ұстайтын және жаятын жерлерді дезинсекциялайды. Табиғат аясына демалысқа шыққанда қорғаныш киімдерін, ұйықтайтын қапшықтарын және орамалдарын репеленттермен залалсыздандыруы қажет. Үйге келгенде кірмес бұрын адамдар үстілерінде кене бар, жоқтығына көз жеткізген жөн. Ал кене табылған жағдайда тез арада емдеу мекемесіне хабар беріп, дәрігерге қаралу керек.

А.САТКУЛОВА,

№3 Шымкент қалалық емханасының дәрігер эпидемиологы

Вячеслав Локшин: «С помощью высоких технологий можно родить и в 60 лет»
Күміс – микробтарды жояды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу