Аптап ыстықтан Түркістан облысында жол жабындарына зақым келуде

Oinet.kz 11-06-2026

Түркістан облысында ауа райының рекордтық ыстығы жолдарға салмақ түсіріп, бірнеше трассада бетон жабынының деформациясы анықталды.

Screenshot_1.jpgТүркістан облысы аумағында жол жамылғысының деформациясына қатысты төрт жағдай анықталған. Соның бірі Шымкент қаласының Солтүстік айналма жолында тіркелген.

Мамандардың айтуынша, бұл жағдай құрылыс сапасына байланысты емес. Жобалау кезінде температуралық жүктемелер толық ескерілген. Ал әр бес метр сайын арнайы деформациялық жіктер қарастырылған. Соған қарамастан, ұзаққа созылған қатты ыстық пен 10 жылдан астам уақыт пайдаланылып келе жатқан жол жабынына қосымша салмақ түсіп отыр.  

“Қатты аптап ыстық шамамен 15 күннен бері сақталып тұр. Түркістан облысында ауа температурасы 35–42 градусқа дейін көтеріледі. Бүгінгі таңда төрт учаскеде деформация анықталды. Барлық жерде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Метеорологтардың мәліметінше, ай бойы жоғары температура сақталады. Осыған байланысты біз тәулік бойы кезекшілік режимінде жұмыс істеп жатырмыз”, – деді Ербол Прімбетов.

Қарашөкеевтің командасында ірі шенеунік сотталды
"Педофил – Алланың барына дәлел" деген уағызшының пікір желідегілердің ашуын туғызды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу