Аптап ыстықтан Шымкент маңындағы жол бүлінді: Бетон жабындысы +37 градусқа шыдамай жарылған

Oinet.kz 08-06-2026

Шымкенттің солтүстік айналма жолында аптап ыстық салдарынан бетон жол жабыны көтеріліп, жарылды. Ақауды мамандар трассаны жоспарлы тексеру кезінде анықтаған. 

Screenshot_1.jpg

“ҚАЖсервис” ЖШС Түркістан облыстық филиалының мәліметінше, ақау 7 маусым күні KZ17-01 “Шымкент қаласының солтүстік айналма жолы” республикалық автожолының 2257-шақырымында тіркелген.

Мәліметке сәйкес, жолдың бүлінуіне өңірдегі қатты ыстық себеп болған. Соңғы күндері ауа температурасы +35–37 градусқа дейін көтерілген. Мамандардың айтуынша, жоғары температура әсерінен бетон плиталар кеңейіп, ішкі кернеу пайда болған. Соның салдарынан жол жабыны зақымданған.

Ақау анықталған соң жол қызметтері қалпына келтіру жұмыстарына кірісті. Қазір аталған учаскеде жолдың жағдайы тексеріліп, жабынның одан әрі бұзылуына жол бермеу шаралары қабылданып жатыр.

Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша жол белгілері орнатылған. Жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтап, ескерту белгілеріне назар аударып, проблемалы учаскеден өткенде барынша мұқият болу ұсынылды.

“ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ өкілдері жаз мезгілінде республикалық маңызы бар автожолдардағы цемент-бетон жабындарының жағдайы тұрақты бақылауда болатынын мәлімдеді. Компанияның хабарлауынша, жүйелі тексеріс ақауларды дер кезінде анықтап, оларды жедел жоюға мүмкіндік береді.

Шымкенттегі балабақшаға қатысты тексеріс жүріп жатыр
ҚМА Қазақстанның 14 өңірінде тергеу жүргізіп жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу