Аяғы ауыр екенін білмей қыз босанған 17 жасар бойжеткен

Oinet.kz 15-01-2020 821

17 жастағы Памела Вугтс дүниеге сау қыз баланы дүниеге әкелген. Мұнда тұрған не бар дейсіз ғой?! Шын мәнісінде бойжеткен өзінің аяғының ауыр екенінен мүлдем бейхабар болған. 

Screenshot_29.jpg

Памела кикбоксингтен жарысқа қатысып жатқанда қарсыласы ішінен жеңіл соққы жасайды. Қатты ауырсынуды сезінген спортшы қыздың осы сәтте қан кетіп, толғағы басталған. Бұл кезде ол жүктіліктің жетінші айында болған. Алайда мұның толғақ екені Вугтстің ауруханаға жеткенше үш ұйықтаса түсіне де кірмеген. Дәрігерлер болған жағдайды түсіндіргенде болашақ ана таңқалғанын жасыра алмады. Осылайша Памела «аяқ астынан» қызды болып қалды. 

Ішімдікқұмарлардың аурулары да көп болады
Адам ағзасының көшірмесін жасаудың жолын тапты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу