Темекі – тажал!

Oinet.kz 26-05-2018 819

Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін зиянды әдеттер – темекі, алкоголь, есірткі және уытты заттар тұтынудан бас тарту қажет. Бұл заттарға аз ғана уақыт әуестенгеннің өзі организимде психикалық және тәндік тәуелділік пайда болады. Ал, ұзақ уақыт тұтынудың барлық түрі ақырында ауыр науқасқа шалдықтырады. Темекі тарту, яғни, никотинизм – зиянды әдет және нашақорлықтың бір түрі. 

Screenshot_18.jpg

Темекі тарту әдеті жасарып бара жатқаны баршамызға аян. Оның бастауы отбасынан басталады. Балаларға отбасы мүшелерінің, ересектердің, қоршаған ортадағы ықпалды адамдар – мұғалімдер мен дәрігерлердің қатты әсер етеді. Олар көргендерін істейді. Егер ата-ана үйде арақ ішіп, сабақ беріп жүрген ұстасы мен денсаулығын күту керектігін жиі айтатын дәрігер темекі тартса, соны көріп өскен ұрпақ та зиянды әрекеттерді қайталап, әдетке айналдырады. Жоғарыда айтқанымыздай, бұлардың соңы ауыр дерттерге апарып соқтырады. Сондықтан кішкентайлардың көзінше темекі тартпаған абзал. 

Сонымен қатар темекі жарнамалары да жастарды темекіге әуестендіруге әсер етеді. Жарнамадан өзге кинода да темекі тартқандарды көрсе, темекі тарту – сәнді, қызықты, көз тартатын әрекет ретінде жастарда түсінік қалыптастырары сөзсіз. Шынында да ойланып қарасақ, адамдардың көпшілігі темекіні жас кезінде қызығып тартады  екен. Яғни жасөспірім мен бозбала ересектеу көрінуі үшін тартады. Сол себепті де темекімен күрес мәселесі денсаулық сақтау басқармасы үшін де өзекті мәселе болып отыр. Дамыған және дамушы елдердің денсаулығына зор қауіп төндіріп отыр. Әрине, халық темекінің адам ағзасына, денсаулығына зиян екенін біледі, бірақ көпшілігі қаншалықты қауіпті екенін біле бермейді. Темекіні ұзақ тартатындар тартпайтындарға қарағанда үш есе көбірек өмірімен ерте қоштасады. Статистика бойынша обыр ауруынан қайтыс болғандардың  30 пайысы осы темекімен байланысты екен. Өкпе обырынан қайтыс болғандардың 87 пайызы да шылымқұмарлар. Темекі салдарынан жүрек-қан тамырлар ауруларына шалдығушылардың 25 пайызы темекі тұтынатындар. Кейде адамдар қандай темекі тартатынына, күніне қанша дана темекі тұтынатынына мән бермейді. Оларға темекі тұтату, құшырлана түтін сору үрдіс сияқты көрінуі ғажап емес. Адамдар көбінесе темекіні біреумен сөйлесіп тұрғанда «көппен бірге» тартады екен. 

Сақ болыңыз, алкоголь, есірткі сияқты темекі де өзіне адамды тәуелді етеді. Денсаулығыңызды ойлаңыз! Туған-туыстарым мен ұрпағым сау болсын десеңіздер, темекі тартудан бас тартыңыздар.

Н.БЕКСҰЛТАН, 

№3 Шымкент қалалық емханасының жалпы тәжірбиелі дәрігері

Кене шағып алғандағы алғашқы жәрдем
​Медбике нені білуі керек?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу