​Медбике нені білуі керек?

Oinet.kz 26-05-2018 3372

Screenshot_19.jpg

Мейірбикелік үрдістің бірінші кезеңі – пациенттің күтіміндегі тәуелсіздік деңгейін анықтаймыз. Мейірбике пациенттің мәселелерін туындайтын қайнар көздерін білуі тиіс.

Болатын мәселелер:

- Қоршаған орта және қауып-қатер мәнбірлері;

- Пациенттің медициналық диагнозы, немесе дәрігерлік диагнозы. Дәрігерлік диагностиканың мақсаты пациентке дұрыс ем тағайындау;

- Ем жүргізгенде жағымсыз әсер болуы мүмкін, мысалы, жүрегі айну, құсу осының өзі мәселе болып саналады;

- Ауруханадағы жағдай қауіпке әкеліп соғуы мүмкін (пациентке ішкі ауруханалық жұқпаның жұғуы);

- Пациенттің жекелік жағдайы (төмен жағдайлы пациент) толық тамақтанбауы, оның келешекте денсаулығына зиян келтіруі. Пациенттің денсаулығына баға бергеннен кейін мейірбике пациент мәселелерін жинақтап немесе мейірбикелік диагностика жүргізуі керек.

Мейірбикелік үрдістің екінші кезеңі – диагностикалау немесе пациенттің мәселелерін анықтау. Пациентің мәселелерін және осы мәселелерді тудыратын факторларын диагностикалау болып табылады. Пациенттің айқын (қазіргі уақыттағы) және потенциалдық (кейін болып қалу мүмкін) мәнбірлері мейірбике күту жоспарына енгізіледі. Бұл мәселелерді мейірбикелік диагноз деп атайды. Мейірбикелік диагноз дегеніміз – мейірбикенің клиникалық пікірі, мұнда анық немесе потенциалдық мәселелер беріледі, мұндай мәселелерді мейірбике өздігімен шеше алады. Мейірбикелік диагноз – пациенттің (қазіргі, потенциалдық) мейірбикелік тексерістің нәтижесінде анықталған жағдайы, мұндай жағдайларда мейірбикелік кірісуді талап етеді.

Мейірбикелік диагноздың дәрігерлік диагноздан мынандай айырмашылықтары бар:

- дәрігерлік диагноз бойынша ауру анықталады, ал мейірбикелік диагноз ағзаның ауруға деген серпілісін білуге бағытталған;

- дәрігерлік диагноз пациент ауырғанша өзгермейді, ал мейірбикелік диагноз әрбір сағат сайын өзгеріп отыруы мүмкін;

- дәрігерлік диагнозда дәрігер тағайындауы бойынша ем қолданады, мейірбикелік диагнозында мейірбикелік кірісуі қажет;

- дәрігерлік диагноз ағзадағы патофизиологиялық өзгерістермен байланысты болса, мейірбикелік диагноз пациенттің өз жағдайының өзгеруіне байланысты болады;

- мейірбикелік диагноз бірнеше болуы мүмкін, ал дәрігерлік тек қана біреу болады.

Қазіргі уақытта мейірбикелік диагноздар ағзаның бұзылуына байланысты 14 топқа бөлінеді:

- қозғалыс (қозғалыс белсенділігінің төмендеуі);

- дем (демнің қиындауы, жөтелу, тұншығу);

- қан айналу (ісіктер, аритмия т.б.);

- ас қорыту (жұтынудың бұзылуы, құсу, жүрегі айну, дәретінің жүрмеуі);

- зәр жолдарының өзгерістері (зәрдің тұрып қалуы, жиі шығуы);

- гомеостаз (гипертермия, гипотермия, иммунитеттің төмендеуі);

- мінезі (дәрілерді қабылдамау, әлеуметтік қорғаныш, суицид т.б.);

- зеректік, түйсін сезімі (құлағының естімеуі, көзінің көрмеуі, дәм сезуінің бұзылуы);

- назарлық (өз бетінше, еріксіз);

- ес (гипоамнезия, амнезия, гиперамнезия);

- ойлау (ақыл-есінің төмендеуі);

- эмоционалдық, сезімдік өрісінің өзгеруі (қорқыныш, мазасыздық, апатия, эйфория т.б.);

- гигиеналық қажеттілігінің өзгеруі (гигиеналық білімнің, дағдының аздығы, медициналық қызымет көрсетуіндегі мәселелер және т.б.);

- организмнің негізгі өмірлік процессінің өзгеруі адам өмірінде анатомо-физиологиялық, психоәлеуметтік рухани өзгерістерінің пайда болуы.  

Мейірбикелік диагностикада негізгі пациентпен әңгіме құру және бақылау болып табылады. Мейірбике пациенттпен қарым-қатынас жасау арқылы пациенттің жанұяда немесе жұмыс орнында психологиялық қысымның болу немесе болмауын анықтап отырады (өз-өзіне қанағаттанбаушылығы, ұялшақтығы және т.б.). Пациенттің жүріс-тұрысы, мимикасы, дауысы, киімі, мінезі жағдайы туралы көп мәлімет береді. Пациент өзінің психологиялық ұстамдылығын жоғалтып, уайым, қорқыныш сезімі, шыдамсыздық, ұятшылдық, депрессия пайда болуы мүмкін, сондықтан мейірбике пациенттің психологиялық диагнозын білуге тиіс. Мысалы, тазарту клизмасын жасар алдында пациент қызара ұялады немесе өзін күте алмағандықтан уайым пайда болады. Мейірбике пациент туралы барлық мағұлматтарды дәрігерге айтып, кейін өзінің мейірбикелік картасына тіркеп отырады. Психологиялық әңгіме жүргізгенде пациенттің жекелік қасиеттерін сыйлауға тырысу керек. Оның мәселесін айқын қабылдап көмек көрсету міндет. Осы мәселелерді шешкеннен кейін мейірбике қандай көмек көрсетуін жоспарлауға тиісті.

Мейірбикелік үрдістің үшінші кезеңі – пациентке қажетті көмекті жоспарлау. 

Күту мақсаттарын екі себеп бойынша қою керек:

- Жекелік мейірбикелік кірісудің бағыты анықталады;

- Кірісудің тиімділігік дәрежесі анықталады.

Пациент жоспарлау процессіне белсенді қатысады. Әрбір доминанттық қажеттіктер немесе мейірбикелік диагноздары мейірбикелік күту жоспарында жекелік мақсат ретінде жазылып отырады, ол қажет деп табылған нәтижеге қол жеткізуді көздейді.

Әрбір мақсат міндетті түрде 3 компоненттен құрылады:

- Орындау (етістік, іс-әрекет);

- Критерий (белгі) (күні, уақыты, арақашықтығы);

- Жағдай (біреу немесе бір нәрсенің көмегі арқылы).

Мақсат қоюдағы қойылатын талаптар:

- Мақсаттар нақты да, жетістікке жетімді болулары керек;

- Әрбір мақсаттың орындалуының нақты мерзімін қою керек;

- Пациент әрбір мақсаттың талқылануына қатысуы керек;

Мерзіміне қарай мақсаттың екі түрі болады:

- Қысқа мерзімге бағытталған, бір апта ішінде орындалуы тиіс;

- Ұзақ мерзімге бағытталған, кейде пациент ауруханадан шыққанынан кейін де жалғаса береді.

Мейірбикелік кірісудің көлемін анықтаудағы қойылатын талаптар:

- Мейірбикелік кірісу түрлерін анықтау керек (тәуелді, тәуелсіз, өзара тәуелді іс-әрекеттер);

- Мейірбикелік кірісуді пациенттің қанағаттанбаған қажеттілік негізіне жоспарлануы керек.

Мейірбикелік кірісудің 3 түрі бар: тәуелді, тәуелсіз, өзара тәуелді іс-әрекеттер.

Тәуелді деп мейірбикенің дәрігер нұсқауы бойынша анықталатын іс-әрекеттерін айтады. Тәуелсіз іс-әркеттерді мейірбике өзі орындайды. Мысалы: пациенттің еміне серпіліс беру, ауруына үйрену, көмек көрсету, жекелік гигиена шараларын орындау, ішкі ауруханалық жұқпаны алдын-алу, пациентті үйрету. Өзара тәуелді іс-әрекеттер деп мейірбикенің басқа да қызыметкерлермен бірігіп көмек және күтім көрсетуге бағытталған іс-әрекеттерін айтады. Мысалы: аспаптық, зертханалық тексерістерде қатысулары және т.б.

Мыналар мейірбикелік кірісу әдістері болып табылады:

- Алғашқы жәрдем көрсету;

- Дәрігердің нұсқауларын орындау;

- Пациентке оның негізгі қажеттіліктерін қанағатандыру мақсатында жайлы жағдай жасау;

- Пациентке және оның жанұясына психологиялық көмек көрсету;

- Техникалық манипуляциялар мен процедураларды орындау;

- Денсаулықты нығайту, асқынулардың алдын-алу шараларын орындау;

- Пациенттермен және оның жанұя мүшелерімен кеңес және әңгіме өткізуді ұйымдастыру.

С.ТОҚСАНОВА,

Төлеби аудандық ауруханасының СӨС мейірбикесі

Темекі – тажал!
Какие витамины нужны летом?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу