Қара базарда адам ағзасы қанша тұрады?

Oinet.kz 07-07-2018 1564

Лос-Анджелестің Ranker.com сайты адам ағзаларының қара базардағы орташа бағасы туралы ақпарат жариялаған болатын.

Мұнда бүйрек – ең өтімді де қымбат тауар саналады екен. Ол заңсыз сауданың 75%-ын құрайды. 200 мың доллардан сатылады. Ал Үндістан мен Қытайда әлдеқайда арзан, 15-60 мың доллар аралығында.

Screenshot_12.jpg

Бауыр да көп сатылатын тауар. Оның бағасы 157 мың долларға дейін жетеді. Өт қабы 1200 долларға сатылады.

Ал заңсыз нарықтың дилерлері көкбауырға 500 доллар ұсынады. Көкбауырсыз өмір сүру қиын. Бірақ адамдарға мұндай ота әлі жасалмаған. Көкбауыр ауыстыру отасы тәжірибеде кеміргіштерге ғана жасалып, оң нәтиже берген.

Әлемдік трансплантация тарихында алғашқыда жүрек миллион доллардан асқан қаржыға ауыстырылды. Ал бүгінде заңсыз нарық оны 119 мың долларға бағалайды.

Аш ішекті транспланттау өте күрделі ота болғанымен, екі мың жарым доллардан бастап сатылады.

Асқазан – сирек сатылатын тауар деп есептеледі екен. Бірақ 500 долларың болса, оны да табуға болады.

Дәрігерлер иық буындарын ауыстыру қажет болғанда жасанды имплант салады. Алайда «тірі» материал керек болса, дилерлер оны 500 долларға ұсынады.

Ағза трансплантациясы қалай жасалады?
Шардара аудандық орталық ауруханасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу