Жолға шыққанда қандай дәрі-дәрмекті ала жүру керек?

Oinet.kz 17-01-2020 1051

Мейлі шетелге болсын, мейлі ел ішіндегі демалыс базаларына шығар алдында әрбір отбасы жол сөмкесіне дәрі қобдишасын алып жүруі керек. Ол қобдишада ең кем дегенде бес препарат болуы тиіс. 

Screenshot_40.jpg

Ең алдымен ыстықты түсіретін дәрілер керек. Қазақстандық дәрігерлер бұл ретте көбінесе парацетамолды қолданады. Алайда ғылыми дәлелді базаға сәйкес, парацетамолды Денсаулық сақтау министрлігінің хаттамасы бойынша қолдануға кеңес беріледі. Ыстықты түсіретін ибуфен де бар. Бірақ, аталған екі дәрі болмаса да, ыстық түсіретін препараттарды өзіңізбен бірге алып жүрген жөн. 

Екінші – пробиотиктер. Жаңа орынға барсаңыз, әлбетте ол жақтың тағамы да, суы да, тіпті ауасы да бөлек болады. Жаңа тағамдарға келгенде ішектеріңіз ауырып қалуы мүмкін болғандықтан, пробиотиктерді алып жүру керек. 

Үшінші – аллергияға қарсы дәрі-дәрмектер. Барған жеріңізде күн ыстық болса немесе өмірі көрмеген жәндіктерді шағып алса, аллергияны елемей жүре алмайсыз. 

Төртінші – уланып қалу қаупі болатындықтан, белсендірілген көмірді де алып жүру қажет. Қара таблеткаларды балалардың бәрі де тұтынуға қарсы болар. Бәлкім, оларға қара дәріден гөрі «полисорб» атты дәрі сай келуі мүмкін. Препарат әрі арзан, әрі ағзаға еніп кеткен токсиндерді оңай шығарады. 

Бесінші – тыныштандыратын дәрілерді де алып жүріңіз. Мәселен, сізді барған жеріңізде жәндік шағып алатын болса, денеңіз қышып мазаңыз кетуі ықтимал. Осы себепті өзіңізбен бірге май немесе гельді алып жүріңіз. Сонымен бірге, жолға шыққанда йод, бинт, жабыстырғыш та керек болуы мүмкін.


У футболистов, часто играющих головой, есть проблемы с равновесием
Әйел затын 10 жыл бұрын қартайтатын жаман әдеттер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу