​Болашақ аналар міндетті түрде білуі тиіс кеңестер

Oinet.kz 20-07-2018 673

Баланы ішке біткен күннен бастап тәрбиелесеңіз,сіздің жақсы ана болғаныңыз. Сіздің сөйлеген сөзіңіз,тыңдаған әуеніңіз балаға әсер етіп қана қоймайды. Күні-түні ұялы телефонмен, теледидарға телмірумен күніңіз өтсе балаңыздан нені күтуге болады?

Балаңыз өсе келе балабақшада не мектепте болсын тәртіпсіздік жасаса, «жоқ, менің балам тәртіпті, олай болуы мүмкін емес!» деуден бұрын балаңызға қандай тәлім-тәрбие беріп жүргеніңізді ойлаңыз?

Screenshot_6.jpg

Балаңыздың бұзық болуы, мәдениетсіз болуы сіздерге байланысты, сондықтан өзгеге (мұғалімге, балабақша тәрбиешісіне) кінә тағудың қажеті жоқ.

Балаңызға қымбат смартфон сыйламаңыз. 

Балаңызды қымбат дүниелермен бақытты етем деп ойлау үлкен қателік. Жан жылулығы сеінбеген балаңыздың жан дүниесі ауыр күйге түседі.

«Балам мазасыз, тынымсыз» дейтін аналар жиі кездеседі. «Мені тыңдамайды, көмектесіңізші...» дейді кейбір аналар. Әлгі мазасыз баланы бауырыңызға басып, жақсы сөзбен ақ көңілін табуға болады. Бұл – шындық, оған тек мейірімді жүрек керек.

Балаңызға ақша бермеңіз. Ақша бала үшін көңілдің кілті болуы мүмкін, алайда жабырқаған жүрегін жұбата алмайды. Жабырқаған көңіл-күйін жан жылуыңызбен көтеріңіз. Балаңыз сізге қарап өседі, сізге қарап бой түзейді. Оған өнеге бола біліңіз. 

Ұлт болашағы – жақсы ананың тәрбиесінде. Баланың бойына бесік жыры мен ертегіні сіңіріп өсірсеңіз, болашағы баянды болады. 

Ұлсара ДҮЙСЕНОВА, 

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасы, Физиотерапия бөлімшесінің меңгерушісі

Ана баласына қаншалықты мейірімді болуы тиіс?
Болған оқиға. Ана бақыты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу