Ана баласына қаншалықты мейірімді болуы тиіс?

Oinet.kz 20-01-2020 774

Әр баланың өз несібесі мен ырыздығы болады. Баланы жақсы көру мейіріммен тәрбиелеу әр ананың қолынан келе бермеуі мүмкін.

Баланы жақсы көру, мейірімділікке тәрбиелейді.

Балаңыздың  айтар сөзіне мән беріңіз.

Баланы кішкене күнінен бастап,бжақсы сөздерді құлағына сіңіруге үйретіңіздер.

Screenshot_5.jpg

Баланы жақсы тәрбиеге үйреткіңіз келсе өзіңіз жақсы болыңыз.

Балаңызды мұңайған кезде, мақтау сөздер айтыңыз.

Отбасының шаттыққа бөленуі анасына байланысты, ал ер азаматы қорғанышы ғана.

Жылулықты да сездіретін әйел адам, бақытты отбасын шат-шадыман шаттыққа бөлейтін анасы мен баласы. Ал сол отбасының шаттыққа кенелуі ата-ананың қолында.

Баланың бақытты болуы ата-анасына байланысты. 

Ана неғұрлым перзентін сезіммен шын жүрекпен сүйсініп жақсы көрсе, ұрпағы мейірімді болып өседі.

Әкесі мен анасының мейіріміне қанығып өскен бала болашақтың жарқын жүзді тұлғасына айналады.

«Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар» деп, қазақ халқы бекер айтпаса керек. Бала болған   үйде шаттық та, қуаныш та болады. Баланың күлкісі мен қылығы қай жанды да қызықтырмай қоймайды.

Бұл айтылған кеңестер бала тәрбиесінің маңызын арттыруға бағытталған. Дегенмен, арамызда өз баласын түсінбей жүрген ата-аналар да бар. Кінәні баладан іздегенше, алдымен өзіңіздің қандай ана екеніңізді ойлаңыз. Бала сіздің іс-әрекетіңізді қайталаушы ғана. Баланың бақытты жүзін көргіңіз келсе, осы айтылған кеңестерді жүзеге асырып көріңіз.

Емізудің ана мен балаға пайдасы
​Болашақ аналар міндетті түрде білуі тиіс кеңестер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу