Жүкті әйелдерге арналған диеталар

Oinet.kz 20-01-2020 826

"Екі адам үшін же" деген сөз тарелкеңізде тамақ екі есе көп болсын деген емес, екі есе ұзағырақ шайнаңыз дегенді білдіреді.  Тамақтың әр бөлігімен бірге сіңімді заттарды барынша көп алуға тырысқаныңыз – Сіздің балаңызға өте пайдалы. Бірақ жүктілік кезінде нені жеген дұрыс болады? Келесі ұсыныстарды оқыңыз да, біліп алыңыз!

Screenshot_58.jpg

Жұмыртқа

Жұмыртқа ақуызға, А және Е дәрумендеріне, сондай-ақ балаңыздың миының дамуына әсер ететін сіңімді зат – холинге бай. Жұмыртқаны дайындау да, жеу де оңай. Жұмыртқаны қуырып, болмаса ірімшікпен бірге бутерброд жасап немесе сәл қуырылған күрішпен бірге жеуге болады. Осы тамақтардың барлығы дәмді және жүктілерге жақсы болады. 

Сүт өнімдері

Кальций бала сүйегінің өсуіне қажет. Майсыз сүт, пастерленген сүттен жасалған ірімшік және йогурт – осы маңызды минералды алудың жақсы тәсілі. Сүтті күніне екі рет ішіп, күніне бір рет ірімшіктің тілімі мен йогуртты жеп көріңіз. 

Жаңғақтар

Жеңіл және тез бұзылмайтын жаңғақ пен жаңғақ майы жүрек жалғап алудың жақсы тәсілі, және де ұрықтың дамуына септігін тигізетін ақуыз бен пайдалы майға бай. Бадам, жержаңғақ және грек жаңғақтары – олардың негізіндегі май сияқты керемет таңдау. 

Жемістер

Жас, мұздатылған немесе консервіленген жемістер жүктілер үшін диета негізі болып табылатын дәрумендерге және ішті қатырмайтын жасұнықтарға бай. Консервіленген жемістерді сатып алу кезінде заттаңбаларды мұқият оқыңыз: қант шәрбаты бар жемістерге қарағанда суы бар жемістерді алған абзал. 

Темір

Темір баланың қанының қалыптасуына көмектесетін, сондай-ақ, жүктілік кезінде анемиямен күресетін маңызды минералды зат болып табылады. Майсыз ет, дәрумендер қосылған ботқалар мен шпинат – жүкті әйелдер үшін темірдің қайнар көзі. Мұздатылған шпинат қымбат емес және оны дайындау оңай (оны пісірмелерге немесе макаронға арналған соусқа қосып көріңіз).

Сіз, баланың дамуы туралы жиі ойланатын шығарсыз. Ендеше, тамақтануыңызды жақсарту баланың денсаулығын жақсартудың жақсы тәсілі екенін біліп қойыңыз. Дүкендегі өнімдерді мұқият таңдаңыз, табиғи заттарды жеп, өңдеуге тартылған өнімдерден барынша аулақ болыңыз. Бұдан басқа, Сізде тамақтың қайсысын рационға қосып, қайсысын шығару туралы қандай бір мәселе туындаса, дәрігермен ақылдасыңыз.

Фитболдың пайдасы
Какой вид транспорта самый полезный для здоровья
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу