Обырды жеңуге болады

Oinet.kz 20-05-2020 633

Обыр клеткасы адамның басынан бақайшағына дейін кездесе береді. Тез өсіп, белгілі бір уақытта қан және лимфа тамырлары арқылы ағзаның мүшелеріне тарайды, немесе балалайды. Сондықтан  әр адам жылына бір рет денсаулығын тексеруден өткізіп тұрғаны жөн. Жасы 30-дан асқан әрбір адам тік ішегін, 40-тан асқан ер адамдар жылына бір рет қуық асты және қалқанша безін, өңешін, асқазанын, 35-тен асқан әйелдер 5 жылда бір рет жатыр мойнының ісігін, 50-ден асқан әйел-аналар екі жылда бір рет сүт безін міндетті түрде тексертіп тұруы керек. 

unnamed (4).jpg

Мамандардың айтуынша, өкпе ісігінің 35 пайызы темекі шегуден пайда болады. Темекі түтінінің құрамында өте қауіпты зат – бензопирен бар. Күніне 20-30 та-лын шеккен адамда ол көбейіп, өкпені зақымдайды. Содан ісік туындайды. Ал өңеш қатерлі ісігі тағамды – шайды, кофені, майлы сорпаны өте ыстық күйінде ішкеннен, қақталған, қуырылған, тұзды, ащы және қатты тамақтарға әуестіктен, тамақты әбден шайнамай жұтудан, күйдірген майды бірнеше рет қолданудан басталады. Сүт безіндегі қатерлі ісік әйелдің жыныс мүшесінің созылмалы аурулары, тұқымқуалаушылық, жиі күйзелу мен гормондар деңгейінің бұзылуынан басталады. Қатерлі ісіктің тағы бір түрі бар, ол адам бойына туа салысымен бітеді. Мұндай жағдай көбіне жүктілік кезінде тыйым салынған дәрі-дәрмекті қолданудан болады. Сонымен қатар күннен бөлінетін ультракүлгін сәулелер де рак тудырады.  Сондықтан 17 жасқа дейінгі бүлдіршіндерді күн сәулесіне күйдірмеген абзал. Әсіресе, күндізгі сағат 11 мен кешкі сағат 5-6 аралығында ультракүлгін сәулелер көп бөлінеді. 

Қатерлі ісіктің алдын қалай аламыз? Үнемі бір түрдегі азықтарды пайдаланбау;  Тамақтану кезінде тамақтың дәмділігі мен қоректілігіне мән беру;  Аса тоя тамақ жемеу; Ас қорыту жүйесінде жарақаты бар адамдарға сыра ішпеу.. Темекіні шектен тыс, тіпті мүлдем тартпау; Тұзды тағамдарды аз тұтынып, қуырылған тамақтарды жемеу; Шектен тыс шаршамау;  Көңіл күйді көтеріңкі ұстау; Балғын жемістер мен көкөністерді көп жеңіз;  Еңбек ету мен демалу тәртібін сақтаңыз;  Дене шынықтыру белсенділігін арттырыңыз.

Е.БАЙДЕКОВ,  

№4 Шымкент қалалық емханасының дәрігер- онкологы

Қандай тағам тұтынып жүрсіз?
Алтынай Жорабаева өзінің сұлулық құпиясымен бөлісті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу