Ұйқы басқан хирург

Oinet.kz 25-05-2020 745

Хирург науқасқа күрделі ота жасап жатқан жерінде ұйықтап қалған. Оқиға  Қытайдың Гуйян ауруханасында орын алған.  

image.png

Ұзаққа созылған операция барысында ұйықтап қалған дәрігерді әріптестері  суретке түсіріп әлеуметтік желіге таратып жіберген. Алайда оқырмандар хирургты сөкпеді. Қайта керісінше ақ халаттының  жігерлігіне тәнті болған.  Себебі  Луо Шанпенг үшін жұмыс күні өте ауыр болған. Ол сол күні 20 сағат жұмыс істеп, қатарынан 5 күрделі отаны жасаған. Әл-дәрмені құрығанына қарамастан бір қолы жұлынып кеткен ер кісіге, яғни 6-шы отаны  жасауға келіскен.  

- «Мен пацинеттің қолын тігіп біткен едім. Жалғанған қолында қан айналым жүйесі реттелгенін күтіп, қолын ұстап тұрған едім. Кенеттен көзім ілініп кетіпті»,- дейді Луо. 

Психотропное вещество – насвай
Қыздың мінезі қанына байланысты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу