Самаурын шәйіне құмар болмаңыз

Oinet.kz 25-05-2020 952

Біздер әдетте шәйді қою қызыл және ып-ыстық қылып ішкенді ұнатамыз. Алайда ақ халаттылар ыстық шәйдің денсаулыққа зиян екенін айтып отыр.

image.png

Нақтырақ айтқанда ыстық шәй ішкендерде өңеш обырының даму қаупі артуы мүмкін екен. Ғалымдардың анықтағанындай, шәйды жақсы көретіндер тәулігіне 700 мл-дан асатын, температурасы +60 градустан жоғары сусынды ішсе, шәйді аз ішетіндермен салыстырғанда оларда өңеш қатерлі ісігінің даму қаупі 90 пайызға артатыны белгілі болды.  Зерттеушілердің айтуынша ерекше қаупі жоғары температура самаурын шәйі болып табылады.

Халықаралық онкологиялық зерттеулер агенттігінің хабарлауынша, өңештің қатерлі ісігі әлемдегі сегізінші ең жиі кездесетін қатерлі ісік болып табылады және жиі өлімге әкеледі. Бұл індеттен жыл сайын 400 мыңға жуық адам қайтыс болады екен.

АҚШ Президенті Гарфилдтің өлімі
Құрт құрамында адамның денсаулығына пайдалы дәрумендер мол
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу