Қантсыз кофенің пайдасы жоқ ᅠ⁣

Oinet.kz 15-02-2021 1669

Кофені қантпен ішіңіз, денсаулыққа пайдасы зор. Әлемде миллиондаған адамдар күніне бір мәрте болсын, кофе ішуді әдетке айналдырған. Бірақ, олардың көпшілігі кофенің денсаулыққа пайдасы жоқ деп күмәнданып жатады.

WhatsApp Image 2021-02-15 at 12.44.58.jpeg

Испаниялық ғалымдар кофені қантпен ішудің пайдасы зор деген тұжырымдамаға келсе, Қытайдағы Циндао институтындағы ғалымдар кофені тұтыну қызару, қабыну және қан тамырларының кеңеюін тудыратын розацеа, яғни созылмалы тері ауруларының дамуын азайтатынын дәлелдеді. Олардың мәлімдеуінше мидың жұмысын жақсартудың жалғыз жолы кофені қантпен ішу. Себебі кофеин глюкозамен әрекеттесіп шоғырлану қабілетіне, ақыл-ой мен есте сақтау қабілетіне жауап беретін ми бөлімдерінің белсенділігін арттырады.⁣⁣ Қант қосылған кофе адамның танымдық қабілетін едәуір жақсартады. Егер сіз кофені қантсыз ішетін болсаңыз, кофе жәй ғана мүлдем пайдасы жоқ сусын болып қала береді.


Раушан гүлінің ғұмырын ұзартудың сырлары
Еріндегі ұшықты емдеу жолдары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу