Алғашқы көмекті әркім білуі тиіс

Oinet.kz 26-05-2020 713

№2 облыстық жедел жәрдем бекетінің меңгерушісі Үміт Дүйсенованың айтуынша, жедел жәрдем шақырған науқастардың жақындары алғашқы көмек көрсетуге қауқарсыз болып жатады. Сондықтан көптеген өкініш тудыратын жағдайлар туындайды.

traum_7014_33_images_2108612968.jpg 

Жүрек-өкпе реанимациясын қарапайым адамдар да жасай алады. Біз адамдарға осыны түсіндіруге тырыстық. Себебі, көп науқастарға жедел жәрдем мамандары келгенге дейін жақындары алғашқы көмек көрсетпесе, сырқаттың демі үзілуі де ықтимал. Жүрек-өкпе реанимациясын қалай жасау керек екенін телефон қоңырауы арқылы диспетчерлер де түсіндіреді. Бірақ, бүгінгі практиканың орны бөлек, – дейді ол.

Мамандар келеңсіз жағдай орын алғанда жедел жәрдем келгенше алғашқы медициналық көмек түрін көрсету бойынша медициналық білімі жоқ адамдар үшін мастер-класстар көрсетіп, үйретті. 

Арбат демалыс аймағында ұйымдастырылған акция жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарлама жалғасып, әсем әндер шырқалды.

P.S. Соңғы 20 жылдан бері халықтың өмір сүру орташа жасы 67 жастан 74,7 жасқа ұзарып отыр. Адамдардың белсенді өмір сүруге қызығушылығы артқан. Бұрынырақ маммолог дәрігермен сұқбаттасқанымда маммологқа қаралуды сүт безі ісігіне шалдыққанда ғана еске алатын пациенттер жайлы айтқан болатын. Биылғы денсаулық фестивалінен түйгенім, ауырып ем іздегеннен ауырмаудың жолын іздегенді абзал санайтын адамдар көбейген. Ақ халатты абзал жандармен тілдесіп, өз комплексін жеңген ем алушылар маманға қаралуға арнайы жазылып жатты.

Б.БӨРІБЕК

Көз линзасының тарихы
Баланың бөлмесіне компьютер қоймаңыз...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу