Егер йод болмаса...

Oinet.kz 25-05-2020 807

Йод адамның қалыпты өсуі мен дамуына қажетті микроэлемент болып табылады. Ал ағзаға тағам мен судан түсетін қажетті йод мөлшерінің жетіспеуі йод жетіспеушілік аурулары мен бұзылушылықтарына әкеліп соғады. 

48214fdb23430fba2fcc390b5ad55f7d_ce_641x400x38x0_cropped_960x600.jpg

Йод жетіспеушілік ауруларының ішінде аса қауіптісі – эндемиялық зоб. Мұның салдарынан көптеген аурулар, мәселен, түйінді құрылымдар мен қатерлі ісіктер дамуы мүмкін. Оның ең ауыр түрлері – балалардың ақыл-есі мен дене бітімі дамуының кешеуілдеуі, жыныс органдарының жетілмеуі, екіқабат әйелдердің түсік тастауы немесе керең, көзі көрмейтін, ақыл-есі кем балалардың туылуы. Еліміздің көптеген аймақтарында йод жетіспеушілік салдары байқалады. Йод жетіспеушілігі әсіресе Қазақстанның теңізден алшақ орналасқан оңтүстік және шығыс бөлігінде  көптеп кездеседі екен. 

Оқушылардың тамақтан улануының алдын алу
«Абрака дабра» нені білдіреді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу