«Абрака дабра» нені білдіреді?

Oinet.kz 25-05-2020 651

«Абрака дабра» сөзін көбінесе сиқыршылар, магиямен айналысатындар қолданады. Алайда бұл сөздің төркініне ешкім үңіліп көрмепті. «Абрака дабраның» тарихы тереңде көрінеді. Сиқырлы сөз алғаш рет біздің заманымыздан бұрын екінші ғасырда медицинада қолданылған екен. Елді жайлаған індеттен қорғану үшін емшілер осы сөзді айтқан.

image.png

Ал кейбір зерттеулер бойынша бұл сөзді шумерлер діни дәстүрлерді орындағанда айтқан дейді. Сондай-ақ мынадай да мәліметтер бар: ежелгі армян тілінде «абрака дабра» «айтылған сөз орындалды» деген мағынаны білдірсе,  ежелгі мысырлықтарда бұл жұлдыз жорамал бойынша торпақты  және аспан құдайы Абраксасаны білдірген. 

Егер йод болмаса...
Купероз деген не?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу