Аутодеструктивті мінез-құлық

Oinet.kz 03-06-2020 4924

«Аутодеструктивті» сөзі латыннан аударғанда – қалыпты жағдайдағы құрылымының бұзылуы деп атайды. Аутодеструктивті мінез – құлық – адамның қалыпты дамуына, дене бітімі мен психологиялық денсаулығына қауіп төндіретін мінез - құлық. Аутодеструктивті мінез - құлық – қазіргі таңда кең таралып кеткен күрделі де қауіпті феномен. Аутодеструктивті әрекеттерді зерттеу үрдісі суицидология мен клиникалық психологияның негізгі теорияларына сүйенеді, осыған орай, Э.Шнейдман өз пікірін былай деп жеткізедi: "бұл әрекет, өзінің соматикалық немесе психикалық денсаулығына қандай да болмасын зақым келтіруге бағытталған". Қазіргі таңда қоғамда аутодеструктивті мінез - құлықтың көптеген түрлері таралуда. Сондықтан оны түзету жолдары ғана емес, алдын алу шаралары да маңызды роль атқарады.

Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу

Аутодеструктивті мінез-құлыққа шалдығуға әсіресе жасөспірімдер көбірек бейім, себебі жас ерекшелік өзгерістер болып жатады – эмоцияналдық тұрақсыздық, әлеуметтік жағдайлардың күрт өзгеруі (олардан өзбеттілікті, жауапкершілікті талап ете бастайды), өмірлік тәжірибенің аздығы, «ақ пен қараны» ажырата алмау, сонымен қатар жағымсыз экологиялық, экономикалық, әлеуметтік факторлардың әсері. Енді осы аутодеструктивтік мінез – құлықтың негізгі түрлеріне тоқталатын болсақ:

1. Аутоагрессивті мінез-құлық (суицидалды және парасуицидалды). Суицид аутодеструктивті мінез - құлықтың ең қауіпті түрі болып саналады. А.Е. Личко демонстративті, аффективті және шын суицидалды мінез – құлық түрлерін бөліп көрсетті. Бұлардан басқа «ситуативті» суицид деп аталатын түрі де болады. Сол себепті өмірдің дағдарыс кезеңдерінде жағдайдан шыға білуге үйрету мақсатындағы алдын алу шараларын өткізудің маңызы зор. Парасуицидалды мінез – құлық – өз – өзіне көңілі толмау салдарынан, психологиялық соққы кезіндегі жан жарасын жеңілдету мақсатында өмірін қию мақсатынсыз өткір, ұшты заттармен денесіне дене жарақаттарын салу.

2. Тағам қабылдауға тәуелділік немесе керісінше – адам мінезінің ерекшелігіне байланысты тағам қабылдау мінез – құлқының бұзылуы.

3. Фанатикалық мінез-құлық түрінің ең қауіптісі деструктивті табыну. егер спортпен айналысу немесе музыкаға қызығушылық таныту адамның ішкі қайшылықтарын көрсетіп отыратын индикатор болып табылатын болса, ал деструктивті табыну және религиялық секталар адамның жан және тән саулығына қауіп, ерік бостандығына қауіп төндіреді.

4. Аутистік мінез – құлық – шынайы өмірге бейімделе алмаудан, қиял әлеміне кетуден адамдармен араласудан бас тартып, жалғыздықты таңдаудан көрінетін мінез – құлық. Аутистік мінез-құлықты аутизмнен ажырата білу керек. Аутизм – әлеуметтік өзара қарым – қатынасты қабылдаудың және қарым – қатынас қызметінің бұзылуына байланысты психиканың бірқалыпты дамымауы. Аутистік мінез – құлық кезінде психикалық дамудың жүруі қалыпты, бірақ адам әлеуметтік байланыста жолы болмай, басқа адамдармен араласуды құнсыздандырып, өз – өзімен араласуды дұрыс санайды. Егер аутизмді практикалық тұрғыдан психологиялық түзету мүмкін емес болса, ал аутистік мінез – құлықта қауіпсіз жағдайда қарым – қатынас дағдыларын жаттықтыруда психологиялық топ пайдалы ресурс болуы мүмкін.

5. Виктимді мінез – құлық (ағылш. victim — құрбан) –адамның басқа біреудің өзіне аморальды, заңға қайшы әрекетіне көнуі. Мұндай мінез-құлықтың психологиялық негізі өз – өзін төмен бағалау, қарым – қатынастың үзілуінен қорқу болып табылады. Психологиялық түзету немесе психотерапияның нәтижесінде «құрбандар» бойынан деструктивті қарым – қатынасты үзуге шешім қабылдауға ерлік табылады. Жеке құндылығы туралы елестете білуді меңгеріп, өз құнын түсіне білетін болады.

Шымкент қалалық №2 емханасында жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын аул мақсатында көптеген іс-шаралар атқарылуда. Психолог мамандар мектеп оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, өмірдің қаншалықты қымбат екенін түсіндіріп,  алға қойған мақсат-мүдделеріне жетуге ықпал етуде.  

Дәрі қобдишасын реттейік
Деннің саулығына не керек?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу