Дәрі қобдишасын реттейік

Oinet.kz 03-06-2020 836

Біршама уақыт бойы үйімізде ауруларды басып, сауықтыратын дәрілердің түр-түрі жиналып қалады. Оларды қажет кезде ғана қолданып, дәрі қобдишада сақтаймыз. Бірақ дәрілерді сақтауда түрлі жағдайларды есепке алу керек екен. Дәрі қобдишаңызды соларға байланысты бір реттеп алсаңыз, олар ұзаққа сақталып, кез келген жағдайда көмекке келе алады. Дәрілерді қалай сақтау керектігі олардың қолдану инструкциясында жазылған. Әрине оларды ортақ ережелерге топтастыруға болады. 

image.png

Температура

 Дәрі-дәрмектердің көбісі бөлме температурасында (15-20 градус) сақталуы тиіс. Бұл дәрілік және аэрозоль, яғни қатты және газ тәрізді өнімдерге байланысты айтылған. Егер дәрінің нұсқауында оны құрғақ әрі салқын жерде сақтау керек делінсе, дәрілік өнімді тоңазытқышқа салған жөн (5-15 гардус). Дәрілерді заманауи тоңазытқыштарда болатын арнайы иіс шығармайтын жабық бөлімшелерде сақтаған жөн. Дәрілерді мұздатқышта сақтамаңыз, бұл дәрінің құрылымын бұзып, оны қолдануға жарамсыз қылады. Жұмсақ дәрілік заттарды (майлар, мазьдар) тоңазытқыштың ортасында, сұйық дәрілерді (микстуралар мен шәрбаттар) тоңазытқыштың ең астыңғы бөлімінде сақтаңыз. 

Ылғалдылық 

Дәрілер мен ұнтақтар ылғалды бірден өзіне тартып алады, сондықтан оларды құрғақ жерде сақтаған жөн. Дәрі қобдишасын ылғалдылық көрсеткіші жоғары болатын ваннада, ас үйде сақтамаған жөн. Тоңазытқышта да тұрған дәрілер ылғалдылықтан сақтау үшін, оларды полиэтилен қапшығына орап салыңыз. 

Жарық 

Дәрілік заттардың барлығын жарықтың ашық көзінен сақтаған дұрыс. Ол үшін дәріні қобдишаға, ал қобдишаны сөреге салу керек. Ал мөлдір ыдыстағы дәрілерді мүлдем жарық көзінен алып тастаңыздар. 

Ауамен жанасу 

Әр дәрінің ыдысының қақпағы берік жабылғанын тексеріңіз. Керісінше жағдайда химиялық заттардың оттегімен реакциясы болып, дәрінің қасиеттерін өзгертеді.

 Қолжетімділік

Алғашқы медициналық көмек кез келген жағдайда отбасыңыздың кез келген мүшесіне қажет бола алады. Сондықтан дәрі қобдишасын қолжетімді, көрінетін жерге қойған дұрыс. Алайда қауіпсіздік жайлы да ұмытпаңыз, отбасыңызда кішкентай балалар, үй жануарлары болған жағдайда, дәрі қобдишасын олар жете алмайтын жерде сақтаңыз. 

Сонымен, дәрілеріңізді түгелімен жинап, оларды арнайы сатып алынған дәрі қобдишасына немесе қарапайым таза қорапқа жинақтаңыз. Барлық дәрілерді бір қорапқа араластырып салу дұрыс емес, қобдиша бірнеше бөлімнен тұру керек: 

Дәрілер, ұнтақтар мен гранулалар, пилюлаларды бір бөлек; 

Мазь бен майлар, теріге қолданатын ерітінділерді бір бөлек; 

Жараны жабатын бинт, мақта мен пластырьлар бір бөлек; 

Арнайы медициналық құралдар (термометр, пипеткалар мен қолғаптар, маска) бір бөлек; 

Шөп шайлары бір бөлек. Егер сіздің дәрі қобдишаңыз дәл осылай бөлініп тұрса, қажетті заттарды әрқашан таба аласыз. 

Сұйық, әсіресе түс беретін сұйықтықтарды (йод, зеленка) бөлек пакетке салып қойған дұрыс.

Қышқыл қасиеті бар йод, марганцовка мен сутек тотығы басқа дәрілерді құртпау үшін бөлек сақтаған жөн. 

Өсімдік негізінде жасалынған дәрілер иістер мен ылғалдықты жақсы сіңіреді, сол себепті оларды полиэтиленді емес, қағаз пакеттерінде не картон қорапшаларында сақтаңыз.  

Дәрі қобдишасын жиі тексеріп тұрып, арасында сақталу мерзімі өтіп кеткен дәрілерді қоқысқа тастап, жаңартып тұрған жөн. Дәрілерді олардың өз қораптарында сақтап, қолдану бойынша нұсқауын еш уақытта тастамаңыз. 

М.КАЛМЕНОВ, Түркістан облыстық фтизиопульмонология орталығының дәріхана меңгерушісі

Ит асырасаңыз тазалықты ұмытпаңыз!
Аутодеструктивті мінез-құлық
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу