Сұр әлем

Oinet.kz 03-06-2020 754

Депрессия десе көз алдымызға қызылды-жасылды түстерден ада сұрланған әлем келеді. Сұр түс қайғы-мұңның «символы» іспетті. 

image.png

Мұны тура мағынасында да түсінуге болады екен. Германиядағы  Фрайбург университетінің ғалымдары күйзеліске ұшыраған пациенттерге зерттеу жүргізген. Оқымыстылар науқастардың көзін электроретинограмманың көмегімен бақылау жүргізіп, расында да көздерінің ашық, қанық түстерді онша көре бермейтінін, айналаның бәрі сұр болып көрінетінін дәлелдепті. Депрессия күшейген сайын көздің ашық түстерді көру қабілеті төмендей береді екен.  

Кенеден келетін кесел
Саңырауқұлақ - дәмді әрі улы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу