Суықта ми жұмысы жақсарады

Oinet.kz 04-06-2020 760

Қыс мезгілін көпшілігіміз ұната қоймасақ та ақ мамыққа оранатын мезгілдің денсаулыққа  пайдасы бар.  Біріншіден: қыста ұйқы қанады. Бұл мезгілде бөлме қараңғы әрі суықтау болса жақсы тынығасыз. Екіншіден:  арықтайсыз.  Ағза суып кетпес үшін қыста майды энергияға жылдамырақ айналдырады. Сондықтан жаздан гөрі қыста саябақта жүгіру тиімді.  Cell Metabolism журналында жарияланған зерттеу бойынша, суықта 15 минут жаттығу залда 1 сағат жаттыққандай нәтиже береді екен. Үшіндінен: мидың жұмысы жақсара түседі.  Суық дұрыс ойлануға көмектеседі: температура төмен болған кезде адамдар тапсырмаларды жақсырақ шеше бастайды. Сондықтан кеңседе қандай да бір тапсырманы орындай алмай отсаңыз, аз уақытқа болсын далаға шығып келіңіз.

unnamed.jpg

Коронавирус. Мифтерге сенбеңіз!
Өміріңді сақтандырдың ба?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу