Сүт пен тіс

Oinet.kz 04-06-2020 870

Сүт кальцийге бай екенін барлығы біледі. Сүтті тағамдық рационыңызға қосып, үнемі ішіп отырсаңыз, құлап, бір жеріңізді зақымдасаңыз да, сүйектеріңіз аман қалады. Сонымен қатар сүт құрамында кальцийді сіңіретін D дәрумені де мол, ол да сүйек сынғыштығының алдын алады. Бала тісі сау болуына да сүт себепкер.  Сүтті күнделікті ішіп отыру баланың тісі сау әрі қатты боп жетілуіне сеп болады. Сүт өнімдеріне тағамдық құндылықтар мол болғандықтан тіс эмалін қышқылдықтан сақтайды, сонымен қатар қызыл иектің босаңсып, тістердің құртылуынан қорғайды. 

Bezymyannyy-21.jpg

Тағы бір ескере кетерлігі, аналардың көпшілігі баласы сүт ішсе, сол күні тәтті сусын сұрамайтынын айтады. Ал қанты аз нәрсе ішіп-жеуден тіс анағұрлым сау қалпында сақталатынын жақсы білесіз. 

Темекінің үш қасиеті
Жүкті әйелдер кран суын ішпегені жөн
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу