Науқастарға ем алуға барлық жағдай жасалған

Oinet.kz 01-09-2021 984

6735f7ea-cf09-4acc-97d8-1c19600b31b2.jpg

Түркістан қалалық емханасына қарасты 7 отбасылық дәрігерлік орталық, 2 дәрігерлік амбулатория, 1 жылжымалы медициналық жиынтық бар. Сонымен қатар, консультативтік диагностикалық, жедел жәрдем бөлімшелері қызмет атқарады. Емхана қала көлемінде 94322 азаматқа қызмет көрсетсе, соның ішінде 35266 бала, 54652 ересектер мен 20319 туу жасындағы әйелдерді құрайды екен. Емханада жалпы саны 70-тен аса аймақ, оның 15 педиатриялық болса, 53 аймағы жалпы тәжірибелі дәрігерлік аймақтар кіреді. Қазіргі таңда негізгі принцип – халыққа қол жетімді медициналық көмекті ұйымдастыру. Соған сәйкес, барлық бөлімшелерді мамандармен және медициналық құрал жабдықтармен қамтамасыз ету қолға алынған. 

– Емхана 2018 жылдан бастап толық цифрлық жүйеге көшкен. Сол жүйені дамыту мақсатында, емхананың «өз-өзіне қызмет көрсету» бұрышында сенсорлы экран қойылған. Ол арқылы емханаға келген азаматтар дәрігер қабылдауына жазыла алады, egov.kz электронды порталы арқылы мемлекеттік қызметтер алуға мүмкіндік алады. Дәрігердің жұмыс кестесін және бірінші рет келіп тұрған болса, дәрігердің келбетін, оған қалай баруға болатынын көре алады, яғни бару жолы видео арқылы көрсетіледі, – дейді қалалық емхананың бас дәрігері Райымбек Тасырбаев.

Бұдан бөлек, медициналық қызмет көрсету сапасын басқару жүйесін жетілдіру мақсатында және емделушінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін барлық медициналық ұйымдарда емделушіні қолдау және ішкі аудит қызметтері ұйымдастырылған және арнайы сенім телефоны құрылған. Емхананың арнайы сайты бар, егер медициналық қызметкерлердің қызмет көрсетуіне көңілі толмаған пациенттер сол жерде шағымдарын қалдырса мүмкіндігінше қысқа мерзім ішінде кемшіліктерді жойылады.

Халықтың қала көлемінде медициналық көмекке жүгіну барысын оңтайландыру мақсатында емханада қазіргі күнде электронды құжат айналымға ауыстырылған. Бұл өз кезегінде пациенттердің үйден шықпай дәрігер қабылдауына жазылу, дәрігерді үйге шақыру секілді қызметтерді алуына мүмкіндік берді. Қалада тұратын халықтың 100% электронды денсаулық паспорты жасақталған, яғни пациент бұрынғыдай медициналық құжаттамалар алып жүру қажеттілігі жоқ, тек жеке басын куәландыратын құжаты болса жеткілікті. 

Қазіргі таңда емханаға тіркелген жалпы халықтың 20-60 жас арасындағы ересектердің 18230, яғни 44%, 5 жасқа дейінгі баласы бар 7530, яғни 65% тұрғын емханаға тіркелген, 1500-ге жуық жүкті әйелдер аталмыш мобильді қосымшаны пайдаланады. 

Түсіндіру жұмыстары сапалы жүргізілуде
Түркістан қалалық орталық ауруханасына республика дәрігерлері жиналды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу