Қантты тағамдардан бас тартсақ, ағзада не өзгереді?

Oinet.kz 10-06-2019 900

b742241d832a54adfed66a10cff0c66e.jpg

Лондон университет колледжінің зерттеушілері эксперимент жасап,бір ай қантты тұтынудан бас тартқан ағзаның қандай күйде болатынын анықтады.

Барлық қатысушылар бір ай көлемінде өздері тұтынатын құрамында қант бар тағамдарды басқа заттармен ауыстыруға тиісті болды.Эксперимент әлеуметтік желіде өткізілді.Мұнда қатысушылар бір ай бойы жүктелген пост астындағы пікірлерге өздерінің әсерлерімен және ағзасындағы өзгерістермен бөлісіп отырды.

Нәтижесінде, ол топта 23 000-нан астам пікірлер мен ұсыныстар жазылған.Онда адамдар әртүрлі рецептермен,мысалы,шикі котлеттің дайындалу жолымен немесе құрамында қант жоқ майонез маркаларымен бөлісті.

Ең қызығы,мамандардың айтуы бойынша,құрамында қант жоқ өнімдер әлдеқайда дәмдірек болып шыққан.Мысалы, жержаңғақ майы. 

Зерттеу соңында мамандар ағзадағы мынандай өзгерістерді байқады; ұйқының жақсаруы,тершеңдіктің бәсеңдеуі, қабыну процестерімен байланысты денсаулықта айтарлықтай проблемалардың азайғаны,сондай-ақ әртүрлі ауырсыну сезімдері жойылып,біршама адамдардың арықтағаны байқалған.

Мамандар американдық таңғы астың пайдасы жане зиян жақтары туралы айтты
Неге тұзды тағамдарды кейде адамдар қалайтанын ғалымдар айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу